Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Су астында қалған үйлердің саны 7 мыңға жуықтады

ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш бүгінде су тасқынынан 7 мыңға жуық үй су астында қалғанын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
16.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Оның айтуынша, қазіргі таңда 9 млн 700 мың текше метр қар суын сорылып, 2 млн 400 мың қапшық, 1 млн 200 мыңнан аса тонна инернетті материал төселген.

«16 сәуір сағат 10.00-дегі жағдай бойынша 13 543 адам өз үйлеріне оралды, 7 мың 14 адам, оның ішінде 3144 бала эвакуациялау пунктеріне орналастырылды. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 113 693 адам, оның ішінде 39 922 бала құтқарылды. 107 613 бас мал қауіпсіз жерге айдалды. 3 570 тұрғын үй мен 2 195 ауладан судың бағыты бұрылды.

Қазір Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5708 тұрғын үй, 1609 аула және 2035 саяжай су астында», — деді Ерасыл Сайпаш ОКҚ-де өткен брифингте.

Авариялық-құтқару жұмыстарына 34 мың адам, 4242 техника, оның ішінде 890 су сору құралы, 335 жүзу құралы және 19 әуе кемесі жұмылдырылған.

ТЖМ психологтары жергілікті жерлерде және жедел желі телефондары арқылы азаматтарға шұғыл психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Жедел желіге 1796 қоңырау түсіп пысықталған.

«Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 38 төтенше жағдай әрекет етеді. ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын мүлтіксіз орындауға, үйлерден, эвакуациялау пунктерінен рұқсатсыз шықпауға, балаларды қараусыз қалдырмау керектігін ескертеді», — деді ТЖМ ресми өкілі.
Тегтер: ҚР ТЖМсу тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz