Top.Mail.Ru
Понедельник, 2 февраля, 2026
  • Рус
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
Whatsapp
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Home Аймақ Алматы облысы

Салғырттық салдары: Шелек ауылының тұрғындары мектептегі жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанына шағымданды

Alataunews редакциясы «Ауылым айтсын» айдарының бұл санында, Алматы облысының орталығынан 130 шақырым жердегі Еңбекшіқазақ ауданындағы Шелек ауылына барып, бірнеше жылдан бері құрылысы аяқталмай келе жатқан мектеп мәселесін көтерді, деп хабарлайды alataunews.kz

by Қорлан Нұрланқызы
15.04.2024
in Алматы облысы, Жаңалық, Қоғам

Ауылдағы 688 оқушы әртүрлі мектептерде оқуға мәжбүр. Себебі отыз жылдық тарихы бар мектептегі күрделі жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталмаған. Құрылыстың бітетін түрі жоқ. Былтыр тамызда жөндеу жұмыстарын бастаған мердігер компания, басында жұмысты сәуірде аяқтайтындарын айтса, кейін мамырдың соңына дейін созуды сұраған. Бірақ ата-аналар нысан жаңа оқу жылында да ашылмайды ма деп қауіптенеді.

«Мектептегі жөндеу жұмыстары бір жылдан бері жүріп жатыр. Сәуір айының соңына дейін барлық жұмыстар аяқталады деп күттік. Жақында жөндеу жұмыстары тағы созылатынын естідік», — дейді ауыл тұрғыны.

Тұрғындар жөндеу жұмыстарының сапасыздығын айтып та шағымданды.

«Бәріміз осы мектепте оқыдық, қазір немерелерім оқиды. Мектепте жөндеу жұмыстары жүріп жатқандықтан, балаларды үш түрлі мектепке апаруға мәжбүрміз. Қыста қиын болды, таксилетіп жүрдік. Жөндеу жұмыстарының сапасы жақсы болады деп сенгіміз-ақ келеді, алайда сапасыз жасалып жатқанын байқап жүрміз. Мынаны қараңыздар, мектепке кіре беріс жол қисық, төмен», — дейді тағы бір тұрғын.

Еңбекшіқазақ ауданы білім бөлімінің бастығы да жөндеу жұмыстарына көңілі толмайтынын, жұмыс өте баяу жүріп жатқанын айтады.

— «Біз қазір бір жылдан бері жөндеу жұмыстары жүріп жатқан мектепте тұрмыз. Мектеп 1000-нан астам оқушыға арналған, бірақ қазір 600-ден астам оқушы бар. Жұмыс жүріп жатыр, аяқталу мерзімі 2024 жылдың 30 сәуірі. Бірақ мердігер компания тағы бірнеше ай сұрап тұр, өйткені белгіленген мерзімде аяқтай алмайтындарын айтады. Біз бұған келіспейміз, ата-аналар да қарсы. Олар да жұмыстардың жедел аяқталуын және балалардың осы жалпы білім беретін мекемеге ауыстырылуын талап етіп отыр», — дейді білім бөлімінің бастығы Арайлым Төлеубекова.

Бұл жағдайға мердігер компания да пікір білдірді.

«Жұмыстың уақытында бітпеуіне ауа райы қатты әсер етті. Қатты суық кездері жұмыс істей алмағандықтан, уақытында бітіре алмадық. Басқа нысандарымызда мұндай жұмыстар тоқтатылды. Қалған жұмыстарды мамыр айының соңына дейін аяқтауға уәде береміз», – дейді мердігер компания өкілі Нұрлан Қадырбеков.

Сырттан қарағанда жұмыстың 85 пайызға аяқталғанғандай көрінеді. Яғни, мектептің қасбеті мен маңайындағы әрлеу жұмыстары қалған. Ал ішіне кіргенде жасалуы керек жұмыстар көп екені байқалады.

Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев құрылысы сағызша созылған мектепке жауапты мердігерлер уәде еткен мерзімде шаруаны аяқтамаса, оларға қатысты тиісті шара қолданылатынын ескертті.

 

 

Tags: Алматы облысыБасты жаңалықтармектеп

Ұсынымдар

Желіде тараған Конституция туралы жалған ақпаратқа полиция пікір білдірді

02.02.2026

Алматы облысында 552 шақырым суару желісі жаңғыртылады

02.02.2026

Қазақстанда биік тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау талаптары қатаңдатылды

02.02.2026

Тоқаев 3-4 ақпан күндері Пәкістанға барады

02.02.2026

Желіде тараған ЭЦҚ туралы ақпаратқа министрлік түсініктеме берді

01.02.2026

Жаңа Конституцияның жобасы жарияланды

31.01.2026
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Аймақ
    • Абай облысы
    • Алматы облысы
    • Алматы қаласы
    • Ақтөбе облысы
    • Ақмола облысы
    • Астана қаласы
    • Атырау облысы
    • Батыс Қазақстан облысы
    • Жамбыл облысы
    • Жетісу облысы
    • Қарағанды облысы
    • Қостанай облысы
    • Қызылорда облысы
    • Маңғыстау облысы
    • Павлодар облысы
    • Солтүстік Қазақстан облысы
    • Түркістан облысы
    • Ұлытау облысы
    • Шымкент қаласы
    • Шығыс Қазақстан облысы
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Мультимедиа
    • Инфографика
    • Фотогалерея
    • Аудиожазба
    • Бейнеролик
  • Жұмысшы мамандықтар жылы
  • Рус

© 2022-2024 www.alataunews.kz