Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Құлсарыда тасқынның беті қайтып, тұрғындар үйіне оралып жатыр

Құлсары қаласындағы қызыл судың қарқыны қайтты. Қазір қаладағы кейбір кәсіпкерлік нысандар ашылып, үйіне су кірмеген тұрғындар баспаналарына қайта бастады, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Жем өзенінің деңгейі біршама төмен түскен. Әскерилер өңірдегі алты бөгетті жарып, су ағысын Каспий теңізіне қарай бағыттапты. Осының арқасында тасқын қаупі сейілген.

Жылыойлықтардың толассыз тасқынмен алысып жатқанына бүгін бесінші күн. Қазір қызыл судың қарқыны бәсеңдеген. Бірақ қалада үш мыңнан астам тұрғын үй мен кәсіпкерлік нысандар көлкіген су астында тұр. Дегенмен ауыл азаматтары қауіп сейілді дейді. Өйткені Ұлы Жем бойындағы бөгеттерді жарып, арнасын ашқан сайын, өзен деңгейі төмендей бастаған.

«Бірінші келген күні суды Жадырасынға жырдық. Қазақта мақал бар ғой, «суды сай-салаға жыр, далаға жібер» деп. Не болса да, қаланы алып қалу үшін суды ағызып жатыр.Қазір Каспий жағының барлығы жарылды. Бүгінгі күні су 70 см түсті. Енді халық дүрлігетін нәрсе жоқ. Енді тек қалпына келтіру керек», — дейді ауыл тұрғыны Амандық Иманбаев.

Облыс аумағындағы өзен-суды қазір күн сайын көктен бақылайды. Тікұшақпен өзен бойындағы бөгеттерді анықтап, арнайы жарылғыш құралдармен судың жолын ашуда. Дегенмен әлі де Жем бойында су ағысына кедергі келтіріп тұрған бөгеттер бар.

«Жалпы он бөгет анықталған. Бүгінгі таңда алтауы жарылды.Тағы төртеуін толық жарып бітіреміз. Осының негізінде Жемнің деңгейі түсіп келе жатыр. Ендігі мақсатымыз — Құлсары ішіндегі суды сыртқа шығару. Ол бойынша жоспарлы түрде жұмыс жүргізіліп жатыр», — дейді Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев.

Жем бойындағы бөгеттер бұзылғалы тасқын су да саябырсып, қала ішіндегі дүрбелең де басылды. Үй-жайына су бармаған ықшамаудан тұрғындары қалаға кері қайтып, кәсіпкерлік нысандар да біртіндеп жұмысын бастап жатыр.

Тегтер: су тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz