Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

«Тазалық – денсаулық кепілі» — Қонаев тұрғыны

Елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны бастау алды. Қонаев тұрғындары тазалық акциясына білек сыбана қатысуға ниетті екендерін жеткізді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
09.04.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар
«Тазалық – денсаулық кепілі. Жан-жағымызды таза сақтау арқылы денсаулығымызды нығайтуға болады. Әр жерде шашылып жатқан қоқыстар түрлі инфекциялық ауру тудыруы мүмкін. Бұл бізге, қарттарға ғана емес, келешек ұрпақтың әлсіз болып өсуіне ықпал етеді», – деді Қонаев қаласының Құрметті азаматы Амангелді Беспаев.

Сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев та өз пікірін білдіріп, тұрғындарды науқан барысында белсенді болуға шақырды.

«Бұл акция бес аптаға жалғасады. Тұрғындарды белсенді болуға шақырамыз. Қаланың тазалығына жауапты мекемелер үздіксіз қызмет атқаруда. Алайда, туған жерді аялап, тыныс-тіршілігіне қатысу да маңызды екенін ұмытпағанымыз абзал. Әсіресе, балалардың аға буыннан үлгі алғаны абзал. Акция аясында аулалар тазаланып, ағаштар егіліп, әктеледі, мәдени мұраларымыздың аумағы тазартылады», — деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, жыл басынан бері Қонаевта бірнеше рет сенбілік ұйымдастырылды.

Тегтер: Қонаев

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz