Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Облыстық перинаталдық орталыққа заманауи медициналық құрылғылар орнатылды

Аппараттар жаңа туған сәбилердің өмірі мен денсаулығын сақтап қалуға үлкен қолдау болмақ, деп хабарлайды Alataunews.kz ақпарат агенттігі.

29.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Орталық жыл сайын Талдықорған өңіріндегі аудан, қалалардан шамамен 6 мыңдай жүкті әйелді қабылдайды. Барлық күрделі жағдайларда сырқаттар осы мекемеге жіберіледі.

Сондықтан «Samruk-Kazyna Trust» пен AYALA қоры орталыққа гипотермия аппараты мен электрэнцефалография мониторын сыйға тартты.

«Бірнеше жыл бойы гипотермия аппараты мен ЭЭГ мониторына қол жеткізе алмадық. Біздің дәрігерлер бұл құрылғымен қалай жұмыс істеу керектігін біледі. Жыл сайын біз осындай 250-ге жуық балаға қолда бар құралдармен күтім жасаймыз. Енді біздің мамандарға заманауи медициналық аппараттар көмектесетін болады. Бұл біздің облысымыздағы сәбилер өлім-жітімі көрсеткіштерін және туылғаннан асфиксиясы бар балалардың мүгедектік қаупін төмендететініне сенімдімін», — деді орталықтың директоры Қанат Жұмашев.

Талдықорғанның Перинаталдық орталығында жоба шеңберінде қор берген тоғызыншы аппараттық кешен орнатылып отыр.

«Еліміздің болашағы үшін әрбір баланың өмірін сақтау маңызды. Қазіргі заманғы аппараттар Талдықорған қаласының облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлеріне балалар өмірін одан әрі сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз», — деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бас директоры Альфия Адиева.

AYALA ҚҚ президенті Айдан Сүлейменованың айтуынша, қор жұмысының басты мақсаты — бала өлімі мен мүгедектігін азайту ісінде мемлекетке жәрдемдесу. Бұл үшін қаражат жинау мен демеушілерді тарту арқылы қор балалар реанимациясын заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етеді және қазақстандық неонатолог дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көмектеседі.

Айта кетсек, Талдықорғандағы облыстық перинаталдық орталық 150 төсекке арналған, соның 10-ы Патология және шала туған нәрестелерді емдеу бөлімшесінде орналасқан. Онда 34 дәрігер мен 126 орта медицина қызметкер жұмыс істейді.

Тегтер: Жетісу облысы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz