Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қостанайда мектептер мен колледждер онлайн оқу форматына көшеді

8 және 9 сәуірде Қостанай қаласының және Қостанай ауданының мектептері мен колледждерін қашықтан оқыту режиміне ауыстыру шешімі қабылданды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
08.04.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Қостанай ауданында су басу қаупі бар аймақтағы Алтынсарин мектебі, Заречный мектеп-лицейі, Тобыл қаласының №1 мектебі, Мичурин ЖББМ, Кәрімов атындағы ЖББМ мектептері онлайн оқу форматына көшірілді.

«Аталған білім ошақтарында жалпы саны 2494 оқушы бар. Эвакуацияланғаны — 543 бала. Бұлардың көбі туыстарының үйіне қоныстанған. Ал аудандағы эвакопунктерге 42 бала орналастырылды, олардың 27-сі — оқушы. Олар пункттерге мектеп компьютерлері арқылы қашықтан оқытылады», — делінеді облыстық Білім басқармасы хабарламасында.

Жалпы, барлық отбасы балаларымен үйлерін су басып үлгермей тұрып, уақытылы көшірілген. Оқуға қажетті құрал-жабдық жеткілікті.

Басқарма мәліметінше, қазіргі уақытта Жанкелдин ауданында 9, Аманкелді, Қарасу, Әулиекөл аудандарында және Рудный қаласына қарасты Перцев ауылында бір-бір мектептен қашықтан оқыту режимімен жұмыс істеп жатыр. Аталған өңірлерде үйден оқып жатқан оқушылардың саны — 968.

«Жолдың нашарлығына байланысты тасымалы қиын өзге өңірлер де қашықтан оқытуға көше алады. Бұл жөнінде су тасқыны жағдайының құбылуына байланысты ата-аналарға да хабарланып жатыр», — делінеді басқарма ақпаратында.
Тегтер: Қостанайонлайн

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz