Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Павлодар облысында зейнеткер екі балаға азғындық жасаған

Павлодар облысында 80 жастағы зейнеткер екі балаға азғындық жасаған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.04.2024
Жаңалықтар

Биыл аймақта кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық дерегіне қатысты 16 қылмыс анықталған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибігүл Қамзина мәлімдеді.

Аға инспектордың айтуынша, 18 наурызда оңтүстік полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспекторы балаларды емдеу мекемесінің әкімшілігімен әңгімелесу кезінде туысы жасөспірімге азғындық жасағанын анықтаған. Бұл жайтқа қатысты 124-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Тіркелген 16 қылмыстың ішінде біреуі әкесінен, екеуі өгей әкесінен, біреуі анасымен бірге тұратын ер адамнан, біреуі көршісінен және сегіз бала достары мен таныстарынан жәбір көрген. Тек біреуі бейтаныс адам болып шықты», — деді ведомство өкілі.

Бұл 80 жастағы зейнеткер болған. Ол кішкентай балаларды алдап шақырып, азғындық жасағаны анықталды. Бұл дерек жоғалған балаларды іздеу барысында айқындалған. Бүлдіршіндер табылып, қылмыскер ұсталды.

Ал 12 ақпанда Ақсу қаласының полиция қызметкерлері Ақсу қаласының әйелдер консультациясын тексеру барысында 15 жастағы жасөспірім жүкті екенін анықтаған. Осы дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 122-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тексеріс барысында бұл іске Ақсу қаласының 17 жастағы тұрғынының қатысты бары анықталған. Қылмыстық іс тараптар татуласуына байланысты тоқтатылды. Екі жасөспірімнің де ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тегтер: қылмыс

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz