Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БҚО-ның 4 ауылынан 2829 тұрғын эвакуацияланды

Полиция қызметкерлері БҚО-ның төрт ауылынан 2829 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.04.2024
Жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Ұзынкөл ауылында егістіктен Ұзынкөл су қоймасына еріген судың үлкен көлемінің түсуіне байланысты толып кету және су басу қаупі туындады. Осыған байланысты елдімекеннің барлық тұрғындарын, олардың мүлкі мен малдарын алдын ала эвакуациялау жүргізілді. Су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу және жергілікті халықты эвакуациялау үшін полиция департаментінің, ТЖД және ҚР Ұлттық ұланының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

«Қазіргі уақытта полицейлер мен құтқарушылар Ұзынкөл, Жаңа өмір, Кемер және Юбилейное елді мекендерін эвакуациялады. Қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарына 40 полиция қызметкері Ұлттық ұланның 30 әскери қызметкері және 6 қызметтік техника жұмылдырылған. Барлығы 2829 адам эвакуацияланды», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері Жаңа өмір кентінде жағалауда бөгет жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Аталған аймақтарға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Арман Өтеғұлов, Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов және БҚО полиция департаментінің басшылығы келді. Полиция департаментінің базасында жедел штаб тәулік бойы жұмыс жасайды.

Фото: egemen.kz

Тегтер: су тасқыны

Соңғы жаңалықтар

Жолдағы қауіпсіздік мәдениеті – адам өмірін сақтаудың басты кепілі

Диана Ахметова
08.07.2026

Жеке меншікті қорғау – заңның маңызды міндеті

Диана Ахметова
08.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
08.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
08.07.2026

Конституциялық Сот жаңа Конституция нормаларын түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
07.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz