Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ Алматы облысы

Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының экономикалық әріптестігі жақсы нәтиже көрсетуде

Алматы облысы мен Қытай Халық Республикасының экономикалық әріптестігі жақсы нәтиже көрсетуде. 2023 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданынан келген делегациямен ресми кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
30.03.2024
Алматы облысы, Жаңалықтар

Өңір басшысы өз сөзінде облыста экономикалық байланыстарды жаңғырту және нығайту бағытындағы жүргізіліп жатқан жұмыстардың белсенді екенін атап өтті.

Коммерциялық айналымды одан әрі арттыру мақсатында «Қалжат құрғақ порты» деп аталатын халықаралық цифрлы көліктік-логистика хабын енгізу жоспарлануда. Логистика мен сауда саласындағы бизнесті дамытуға арналған, заманауи алаң салу жобасына жергілікті инвесторлар да қызығушылық танытып үлгерді. Бұл жоба Қытайдан жүк тасымалдауды ұлғайтып, көліктік және ауыстырып тиеу қызметін атқаратын маңызды алаң болмақ.

Өз сөзінде облыстың бірінші басшысы өңірдегі халықаралық қатынастарды дамытудағы елеулі прогресті атап өтті. Оның айтуынша, табыс экономиканың түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асырумен байланысты.

«Бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру экономикалық өсуге ғана емес, шетелдік әріптестермен байланысты нығайтуға да ықпал етеді. Осының арқасында біздің өңіріміз әртүрлі елдердің инвесторлары мен кәсіпкерлері үшін барған сайын тартымды бола түсуде, бұл жалпы өркендеу мен дамуға ықпал етеді», — деп атап өтті Марат Сұлтанғазиев.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиясының халық үкіметінің төрағасы Эркин Туниязу Қазақстан мен ШҰАР арасындағы сауда, өнеркәсіп, көлік, логистика, ауыл шаруашылығы және туризм сияқты түрлі салалардағы табысты ынтымақтастыққа ерекше тоқталды. Ол сондай-ақ бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда Алматы облысы мен ШҰАР ынтымақтастығының болашағына сенім білдірді.

«Қазақстанның негізгі көлік жолдарының қиылысында орналасқан Алматы облысы, логистика мен сауданың қарқынды дамуына ықпал ететін стратегиялық орталық болып табылады. Алматы қаласы мен Қытай шекарасының жақын орналасуы бұл аймақтың маңызды көлік торабы ғана емес, сонымен қатар жүк және жолаушы тасымалын ұлғайтудың қуатты катализаторы. Бұл өңірлер арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етіп, аймақтық деңгейде де, ұлттық деңгейде де экономикалық дамуға септігін тигізеді», — деді Эркин Туниязу.

Соңында Эркин Туниязу экономиканың түрлі салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың нығая түсетініне, сондай-ақ, бұрын қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асатынына сенім білдірді.

Тегтер: Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр, тұман және жел: Алматы облысында осы аптада ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Алматы облысында браконьерлікке қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2026

Қазақстанда сілеусін алғаш рет спутник арқылы бақыланады

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2026

Алматы – Талғар – Бәйдібек би тасжолы төрт жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

Oi-Qaragai курортын кеңейтуге 50 млрд теңгеден астам қаржы салынды

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz