Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Салтанат Нүкенованың ағасы сотта қарындасының көзі көгерген суреттерін көрсетті

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Сотта марқұмның ағасы Салтанаттың суреттерін көрсетті, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
29.03.2024
Жаңалықтар

«8 наурызда оны құттықтауға барғанда көрдім. Түс уақытында барған едім. Оған бір құшақ гүл сыйладым. Ол үйде еді. Оның бет-әлпеті қатты шаршаңқы көрініп тұрды, көзінің асты қарайып кеткен. «Салтанат, неге шаршап тұрсың?» дедім. «Қуандық түнімен ұйқы бермеді, түнімен сөйлесіп шықтық, ал таң атпастан балгерге баруға мәжбүрледі» деді», — дейді ол.

Сонымен қатар, ол бірнеше күннен кейін қарындасы соққыға жығылғанын суретін жібергенін жеткізді.

«20 наурызда жұмыстағы қызметкерлер үшін тимбилдинг ұйымдастырдық. Сол күні үйге 12-лерде келдім. Телефоныма көп қоңырау мен хат келген. Телефонымды ашсам, мына суретті көрдім. Мен бұл суреттерді Салтанаттан алдым. Оны кешкі 22.00 шамасында жіберді… Бұл суреттерде соққының іздері көрініп тұр. Менің ойымша, бетінен жұдырықпен ұрған. Салтанат үшін, оның жағдайы үшін қорықтым. Оған бірден хабарластым. Түн уақыты еді, телефонын алмадым. Уайымдап, Қуандыққа хабарластым, Қуандық алды», — деді Айтбек Амангелді.

Айтбек Амангелдінің сөзінше, Қуандықтан мән-жайды сұрағанда, үйіне сөйлесуге шақырған.

Тегтер: Сот

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр, тұман және жел: Алматы облысында осы аптада ауа райы қандай болады?

Қорлан Нұрланқызы
23.11.2026

Алматы облысында браконьерлікке қатысты 13 қылмыстық іс қозғалды

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2026

Қазақстанда сілеусін алғаш рет спутник арқылы бақыланады

Қорлан Нұрланқызы
22.11.2026

Алматы – Талғар – Бәйдібек би тасжолы төрт жолаққа дейін кеңейтіледі

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

Oi-Qaragai курортын кеңейтуге 50 млрд теңгеден астам қаржы салынды

Қорлан Нұрланқызы
21.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz