Министрліктің мақсаты — елде көмір тапшылығын жойып, жылу маусымы кезінде дүрбелең туғызбау. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жариялады.
Түсіндірме жазбада көмірді тұтыну көлемі шамамен 9,6 млн. тоннаны құрайтыны айтылған. Оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға — 2,6 млн. тонна, халыққа – 7 млн. тонна.
«Өткен жылы қыркүйекте күннің күрт салқындауына байланысты елдің орталық және солтүстік аймақтарында көмірге сұраныс бірден өсті. Осы жағдайды пайдалана отырып, жосықсыз алыпсатарлар көмірді сатып алу маусымында көмірдің бағасына өздерінің «айналымдарын» қосты, яғни 13 мың теңгеден сатып алды және тоннасына 30 мың теңгеге дейін қайта сатты, бұл халыққа теріс әсерін тигізді», — деп түсіндірді министрлік өкілдері.
Сондықтан биылғы жылдың 1 тамызынан бастап 6 айға көмірді автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салуды енгізуді орынды деп санайды министрлік өкілдері.
Құжат ашық талқылауға 10 тамызға дейін шығарылды. Министрлік тас көмірге, брикеттерге, шекемтастарға және көмірден алынған қатты отынның басқа да түрлеріне тыйым салмақ.