Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан боксшылары Литвада 6 алтын медаль алды

Литваның Каунас қаласында өткен Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнир аяқталды. Қазақ боксшылары 6 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
25.03.2024
Жаңалықтар

Атап айтқанда, 57 келіге дейінгі салмақта Асылжан Серікбай украиналық Денис Роздольскиді екі рет нокдаунға жіберіп, айқын басымдылықпен ұтты.

Ирландиялық Паул Хэйл Джон жекпе-жектен бас тартқандықтан, Жандос Қыдырәлиев (63,5 кг) тағы бір алтынға қол жеткізді.

Қорғаныста сауатты қимылдап, шабуылда ширақтық танытқан Елнұр Сүйінбай (67 кг) Польша өкілі Кирилл Глобенкодан айласын асырды.

Фарух Тоқтасынов (71 кг) соңғы бәсекесін де қарқынды өткізіп, украиналық Максим Молоданға еш мүмкіндік берген жоқ.

Азамат Бектас (75 кг) поляк Михал Ярлинскидің әлсіз тұсын тапса, Тұрсынбай Құлахмет (80 кг) ағылшын Рамтин Мусадан бір бас жоғары екендігін көрсетті.

Ал Нұрсұлтан Алтынбек (54 кг) соңғы айқаста украиналық Иван Завадскийге, Алмат Әбдуәли (60 кг) латвиялық Матвейс Прокудинске, Абзал Құттыбеков (86 кг) ағылшын Исаак Охоға төрешілер шешімімен жол берді.

Осылайша, қазақстандық боксшылар аталмыш жарыста 6 алтын, 3 күміс, 2 қола жүлдеге ие болды. Бұған дейін Даниял Сәбит (51 кг) пен Аманат Сабырғали (+92 кг) қоламен шектелген еді.

Тегтер: спорт

Соңғы жаңалықтар

Стандарты служебной этики государственных служащих

Николай Иващенко
20.03.2026

Добраться на аэротакси из Алатау до Алматы можно будет за 10 минут – Бозумбаев

Николай Иващенко
20.03.2026

Алатау — город будущего: ряд мировых компаний планируют запустить свои проекты в новом городе

Николай Иващенко
20.03.2026

ИИ-лекции и открытые встречи прошли по всей стране в рамках Digital Nauryz

Николай Иващенко
20.03.2026

Молодежный форум прошел в Талгарском районе

Николай Иващенко
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz