Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Арнайы операция — ҚР Ұлттық банкі қазақстандықтарға ескертеді

Соңғы уақытта өздерін полиция немесе Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, тұрғындарды алдап соғатын телефон-алаяқтары көбейген. Осыған байланысты ҚР Ұлттық банкі қазақстандықтарға ескертпе мәлімет таратты, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

28.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Олар «заңсыз әрекеті үшін банк менеджерін ұстауға арнайы операция» жүргіземіз деген желеумен азаматтарды несие рәсімдеуге немесе микроқарыз алуға үгіттеп, ақшаны үшінші тұлғаның шотына аударуға көндіреді. Кей жағдайларда жалған «полиция» Ұлттық банкпен бірлесіп «арнайы операция» жүргізетінін және онысын растау үшін «Ұлттық банк қызметкеріне» қоңырау шалған болып, қолдан жасалған куәліктерді, банктің аударым құжаттарын және орындалған операциялардың заңдылығын «растайтын» басқа да мәліметтерді жібереді. Мұндай әрекеттердің барлығы ұйымдасқан алаяқтардың жұмысын көрсетеді.

«Алаяқтардың түпкі мақсаты – кез келген адамның атынан несие рәсімдеуге тырысу, шотыңыздан ақша жымқыру, жеке тұлғаның дербес дерегін қолға түсіру», —  делінген ҚР Ұлттық банктің ресми хабарламасында.

Ұлттық банк «құқық қорғау жүйесінің жалған қызметкері» немесе «Ұлттық банк қызметкері» телефон шалған кезде әңгімені тоқтатуды, «банк менеджерін ұстау» бойынша алаяқтық пиғылдағы іс-қимылдарға қатыспауға, дереу құқық қорғау органдарына арыз түсіруге шақырады.

Сонымен қатар, алаяқтар ұсынған мобильді қосымшаларды жүктеуге, дербес деректерді ашуға, мобильді телефонға қашықтан кіруге рұқсат беруге және телефонмен сөйлесу кезінде алынған нұсқаулар бойынша үшінші тұлғалардың шотына ақша аударуға болмайтынын ескертеді.

Естеріңізде болсын: Ұлттық банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді, халықпен ақшалай есеп айырысу ісін жүргізбейді.

Қосымша кеңес:

• банк картасы туралы ақпаратты, интернет-банкингке логиндер мен парольді, алынатын sms-кодтарды, өзінің дербес (оның ішінде сізге жақын адамдардың) деректерін беруге болмайды;

• белгісіз немесе күмәнді сайттарда мобильді телефон нөмірін көрсетуге және банк картасымен төлем жасауға болмайды;

• әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Ұлттық банк атынан» жалған жарнамалық хабарларды елемеген жөн;

• сізге немесе жақындарыңызға ақша аудару туралы ұсыныстарды алған жағдайда, аударымның мақсатын ресми дереккөзден анықтап, сізге сондай төлемнің тиесілі екенін қайта тексеру қажет.

Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға, ал Ұлттық банктің негізгі жұмысымен ресми сайттан танысуға болады.

Тегтер: ҚазақстанҰлттық банк

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында ата-аналар мен асхана қызметкерлеріне маңызды кеңес берілді

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Сталкинг ісі: Алматы облысында актрисаның күйеуі қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматыда 8 келі метамфетаминмен ұсталған күдікті қамауға алынды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысында ауа райы күрт нашарлайды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

Алматы облысы call-орталықтарының байланыс нөмірлері жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz