Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Әйелдер мен балалар мүддесін қорғайтын қызмет — 111 қызметі

 «Азаматтарға арналған үкіметтегі» төрт ай ішінде 111 байланыс орталығы 9 мыңға жуық  қоңырау қабылдаған. Оның 500-ге жуығы зорлық пен қатыгездік жайында және оның көбі балаларға қатысты болған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
15.03.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалық
Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Азаматтардың ең көп сауалдары заңгерлік кеңес, әлеуметтік қорғау, білім беру саласы, денсаулық сақтау саласына қатысты.

111 қызметі мен жағдайға бейжай қарай алмайтын азаматтардың көмегімен соңғы айларда бірнеше қиын жағдайлар шешілді: мүгедек қыздың мектептегі зорлық-зомбылықпен күресуіне көмек берілді, ер адам құлдықтан құтқарылды, әкімдіктің қолдауымен аз қамтылған отбасына өрттен кейін тұрғын үйі қалпына келді, жалғызбасты қарт әкенің ұлын циркке апару арқылы арманы орындалды, сонымен қатар, оқушы балаға күнделікті мектепке қатынауы үшін жол жүру картасын алуға көмек көрсетілді. 111 қызметінің кеңесшілері әрбір қоңырауды жеке мәселе ретінде емес, белгілі бір отбасының бірнеше мәселелерін шешу мүмкіндігі ретінде қарастырады.

111 қызметіне жиі жүгінетін 30 бен 44 жас аралығындағы әйелдер болып табылады – олардың қоңыраулары 60% құрайды. Бұл бала құқығын қорғап, отбасындағы озбырлыққа қарсы күресетін ең белсенді қоғамдық тобы.

Байланыс орталығының заңгерлері мен психологтары хабарласқан әрбір адамға мәселесі шешілгенше қолдау көрсетіп, кеңес береді, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына ақпарат береді.

Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғаудағы 111 қызметі 2023 жылдың 16 қазанынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына берілген болатын. 111 нөміріне тәулік бойы қоңырау шалуға болады, анонимдік және жеке деректердің қорғалуына кепілдік беріледі. Байланыс орталығы құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста, барлық қоңырауларды тіркеп, дағдарыс шешілгенше әрбір отбасының жағдайын бақылайды.

Тегтер: «Азаматтарға арналған үкімет»111 қызметіӘйелдер мен балалар мүддесін қорғайтын қызметәлеуметтік қорғаубілім беру саласыденсаулық сақтау саласызаңгерлік кеңес

Соңғы жаңалықтар

ОСК жаңа Конституция жобасы бойынша референдум бюллетенінің мәтінін бекітті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысы білім басқармасының басшысы тағайындалды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында жүк көлігі жеке тұрғын үйге соғылды

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Алматы облысында полиция трассаларды дрондар арқылы бақылауды күшейтті

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

Қазақстан XXV қысқы Олимпиадада нешінші орын алды?

Қорлан Нұрланқызы
23.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz