Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Жасөпірімдерге энергетикалық сусындар сатылмауы мүмкін

Елімізде жасөпірімдерге энергетикалық сусын сатылмауы мүмкін. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
14.03.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында Мәжіліс қабылдаған «Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңы бірінші оқылымда қаралды.

Жиында сенатор Ғалиасқар Сарыбаев өзекті мәселені көтерді.

«Осы заңды қарау барасында Сенат депутаттары балалар мен жасөспірімдердің энергетикалық сусындарды сатуды 21 жасқа дейін шектеуге және заңды қатаңдатуға қатысты ұсыныстар болды. Алайда бұл шешім барлық мәселені шешпейді. Себебі, энергетикалық сусынды тұтыну жүрек-қан тамырлары, қант диабеті, бүйрек, жүйке тамырлары, мигрень ауырларына алып келеді. Жүкті әйелдерде шарананың дамуына кері әсер етеді, адамда қорқыныш, үрей пайда болады. Психологиялық және физикалық тәуелділікке алып келеді. Біз ұсынған түзетулер белгілі бір дәрежеде бизнесті шектейтін түсінеміз. Алайда балаларымыз бен немерелеріміздің денсаулығы кез келген триллиондаған қаржыдан қымбат екенін естеріңізге салғым келеді. Неге Үкімет Парламент депутаттарының бастамасымен қолдап, бүгінге дейін осы мәселенің қорытындысын бермеді, кешіктірді? Осы мәселе бойынша нақты ұсынымдарды білгіміз келеді. Бұл қандай мерзімде қандай заң жобасы аясында өзінің заңнамалық шешімін табады?», — деді депутат.

Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев заң жобасы қаралып жатқанын, тиісті шектеу енгізілетінін атап өтті.

«Аталған мәселе бойынша жұмысты бастап кеткеміз. Қазір 21 жасқа дейін жасөспірімдер мен балаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салу бойынша АРВ (реттеуші әсерді талдау) дайындалған. Ол Үкіметаралық комиссияда мақұлданған. Қазір Үкімет қорытындысының жобасы дайын. Барлық орталық мемлекеттік органмен келісілген. Қазір ішкі істер министрлігімен келісу ғана қалды. Сонымен қатар басқа нормалар бойынша вендорлық аппараттарды сату немесе жарнамаларды тыйым салу бойынша АРВ (реттеуші әсерді талдау) мәселесі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Біз Мәжілістегі «Лудономания туралы» заңнамаға осы нормаларды енгіземіз деп ойлаймыз», — деді министрдің орынбасары.

Тегтер: заңсыз сату

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Талғар ауданында шинкиокушинкай каратэден облыс чемпионаты өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Алматы облысында парашаңғыдан чемпионат өтті

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz