Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қарасай ауданының фермерлеріне мемлекеттік қолдау биыл 6,5 млрд теңгені құрайды

Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешені биыл мемлекеттік қолдау аясында 62,2 млрд теңге алады. Бұл туралы облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді.

18.06.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

«Мемлекеттік қолдаумен 16 мыңға жуық АӨК субъектілерін қамту жоспарланып отыр. Оның ішінде Қарасай ауданының 750 фермерлік шаруашылығы — 6,5 миллиард теңге», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Облыста барлығы 549 үй шаруашылығына 1,4 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Суретті түсірген Жұмабай Мұсабеков

Сондай-ақ, облыс басшысы «Бизнестің жол картасы-2025» аясында шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау шаралары туралы айтты. Өңірде олардың саны 140 мыңнан асады, оның ішінде Қарасай ауданында – 20,3 мың (немесе облыстан 14,5%). ШОБ саласында 38 мыңға жуық адам жұмыс істейді.

«2022 жылы 30-дан астам жобаға қолдау көрсету жоспарланған, гранттарды 81,5 млн теңгеге дейін 133 адам алады. Жыл басынан бері 33,1 млн теңгеге 20 бизнес субъектісіне қолдау көрсетілді», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Please login to join discussion

Соңғы жаңалықтар

Іле ауданында үш ауысымды мектептер санын екі есеге қысқарту жоспарланып отыр

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Іле ауданында биыл 107 көше жөнделді: келесі жылы бұл көрсеткіш 150-ге жетпек

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Қонаевта спортшы жастарға экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

Қорлан Нұрланқызы
04.11.2026

Интернет алаяқтық – цифрлық дәуірдің қауіпті қылмысы

Акжаркын
04.11.2026

Зиянды әдеттен арылу – өмірді өзгерту

Акжаркын
04.11.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz