Мұндай ережені енгізуге, жүргізушілердің қиылысты кесіп өтуі салдарынан туындайтын мыңдаған жол-көлік оқиғалары себеп болды. Астаналық полицейлер өз шешімдерін түсіндіріп, жол қозғалысы ережелері жайлы ескертті.
«Бағдаршамның сары сигналы қозғалысқа тыйым салады. Ал жыпылықтап тұрған жасыл белгі, жақын арада тыйым салатын белгі екенін білдіреді», — деді.
Алдағы уақытта, жаңа қызмет Шымкент қаласына да енгізіледі.
«Осы жылдың сәуір-мамыр айларында біз тыйым салу сигналындағы қозғалысты және стоп жолағын кесіп өту сияқты бұзушылықты автоматты түрде тіркеп отыру үшін бағдаршамдарда орналасқан бейнебақылау камераларының баптауларын реттейміз. Егер жүргізуші жолақты жасыл сигнал жыпылықтаған сәтте кесіп өткен болса бірден анықталады», — деп атап өтті қалалық әкімшілік полиция басқармасының басшысы Ерғали Сүлейменов.
Енді айыппұл бағасына тоқталайық. Стоп жолағын кесіп тоқтағаны үшін 11 076 теңге айыппұл салынады. Ал бағдаршамның сары немесе қызыл сигналына өтіп кеткендер үшін 36 920 теңге айыппұл қарастырылған. Ал бұзушылық бір жыл ішінде қайталанатын болса жаза сомасы үш есе артып, жүргізуші 110 760 теңге айыппұл арқалайды.