Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Бестөбеде кеншінің қаза табуына байланысты оқиғаның жай-жапсары анықталды

Күні кеше Бестөбе кен орнында кеншінің мәйіті табылды. Осыған байланысты оқиғаның жай-жапсары анықталды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

27.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Жалпы, «Западная» шахтасынан 610 метр тереңдікте үш кенші табылған. Олардың бірінен тіршілік белгілері байқалмапты. Ал қалған екеуі тірі. Бірінің жағдайы ауыр. Ресми деректерге сүйенсек, шахтаның жұмыс жасамай тұрғанына бір жыл болған. Желдету жүйесі және басқа да инженерлік байланыстар өшірілген.

Сәйкесінше, шахтаның төменгі тұсы жер асты суларына толып қалған. Заңсыз кеншілікпен айналысқандар алтын қазып алу үшін жарылғыш заттар пайдаланған.

«Бестөбедегі шахталардың 1 жылдан астам уақыт жұмыс істемей тұрғанына компанияның еш қатысы жоқ. Шахталар жер асты суларына тола бастағаны да ешкімнен жасырын емес. Сонда да адамдар бастарын бәйгеге тігіп, заңсыз жолмен пайда тапқысы келеді. Халыққа бұл істің қауіпті екенін түсіндірдік те, айттық та. Көріп отырғандарыңыздай, құлаққа ілер адам болмаған», — дейді «Казахалтын» ЖШС бас директоры Рүстем Қаракесов.

Кеншілер шахтаны жарғанда, тас көшіп кеткен. Олар құлаған шахтаның астында қалған. Бұл кезде тағы бір кенші сыртта тамақ дайындап жатқан. Жарылысты ести сала жүгіріп келген. Біреуін үйіндінің астынан шығарып үлгерген. Ал екіншісі оқиға болған жерде тіл тартпай кеткен. Қаза тапқандар мен жараланғандар Ақмола облысы Заводской ауылының тұрғындары, үшіншісі Ақмола облысы Новый Қарабұлақ ауылының тұрғыны. Олардың ешқайсысы Бестөбе кенішінің жұмысшысы емес. Үшеуі де осыған дейін күзетілетін объектілерге заңсыз кіргені үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

«Оқиға орнында Әкімшілік кодекстің 506-бабы (күзетілетін жерге заңсыз кіру) бойынша хаттама толтырылды. Қазіргі таңда сот-медициналық зерттеуінің нәтижесін күтіп отырмыз. Бұл нәтиже келгенде кеншінің нақты неден қайтыс болғаны анықталады», — деді Ақмола облысының ПД ресми өкілі Әсел Әбдрахманова.

Айта кетейік, ұсталған азамат барлығының алтын кенін заңсыз өндірумен айналысатынын мойындады. Марқұмның артында кәмелетке толмаған екі баласы қалды.

Тегтер: оқиға

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық банк: инфляция 11,7%-ға дейін төмендеді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

СІМ қазақстандықтарға Таяу Шығыстағы бірқатар елге бармауға кеңес берді

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Қонаевта өңір дамуына үлес қосқан әйелдер марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
07.03.2026

Алматы облысында агросаланың болашағы талқыланды

Мөлдір Иманмади
06.03.2026

Dolce компаниясының ұжымы: Жаңа Конституция – ел дамуы үшін маңызды

Қорлан Нұрланқызы
06.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz