Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстанға 37 шетелдік компания көшіп келуі мүмкін

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов жыл соңын дейін Қазақстанға 37 шетелдік компания көшіп келуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2024
Жаңалықтар, Қоғам

«Үкімет шетелдік компанияларды, ірі кәсіпорындарды көшіру бойынша жұмыс жүргізуде. Тізімде 30-дан аса елден 400-ге жуық компания бар. Бүгінде құны 1,5 млрд доллар асатын 41 компания бойынша нақты нәтиже бар. Бұл – inDriver, Fortoscue, TikTok және тағы басқа компаниялар. Бүгінде 37 компанияны (көшіру) бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Жүргізілген жұмыстың нәтижесі бойынша қосымша ақпарат беріледі», — деді Бауыржан Құдайбергенов Үкіметтің баспасөз орталығында.

Ол шетелдік компанияларды көшіру бойынша жұмыс жыл соңына дейін жүргізілетінін жеткізді.

«Жұмысты жылдың соңына дейін жүргіземіз. Бірақ 37 шетелдік компания көшіп келуі мүмкін. Бірақ (көшіп келетін компаниялар) аз да, көп те болуы ықтимал. Себебі, әр компания бойынша жұмыс жеке жүргізіледі. Мысалы, кейбір компаниялар тек жер учаскесін, ал кейбірі артықшылық пен жеңілдік сұрайды. Жалпы 37 компанияның құны шамамен миллиард доллар болады. Алайда бұл сан құбылып тұрады. Бірінші кезекте, елімізге өңдеу өнеркәсібінде жұмыс істейтін компаниялар, IT компаниялар, тау-кен өндіру саласындағы компаниялар көшіп жатыр», — деді вице-министр.

 

Тегтер: шетелдік

Соңғы жаңалықтар

Вакцинадан бас тарту несімен қауіпті: маман маңызды сұрақтарға жауап берді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
27.08.2026

Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашаққа бастар жол

Диана Ахметова
27.08.2026

«Таза Қазақстан» – болашақ ұрпаққа аманат

Диана Ахметова
27.08.2026

ОСК Құрылтай депутаттарын тіркеді

Қорлан Нұрланқызы
27.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz