Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ

Кесарь тілігін жасау кезінде жер сілкініп, дәрігерлер ана мен баланы аман алып қалды

Алматы облысында болған жер сілкінісі кезінде, Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Абдувалиева Раушан Бекжанқызы шұғыл жағдайға қарамастан, аяғы ауыр әйелге кесарь тілігін жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
05.03.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалық, Қоғам
Фото: Қонаев қалалық ауруханасының баспасөз қызметі

Фото: Қонаев қалалық ауруханасының баспасөз қызметі

Ауруханның баспасөз қызметінің мәліметінше, сәби отбасындағы 4-ші бала екен. Ал жүкті әйел жер сілкінісін сезбей қалған.

«Нәресте мен оның жолдасын құрсақ қуысы мен жатырды кесу арқылы шығару кезінде, жан-жағымыз дір ете қалғанын сездік. Бұл жер сілкінісі екендігін түсіндік. Дегенмен, ана мен бала өмірінің қауіпсіздігінің маңыздылығын ойлап, отаны сәтті аяқтауды көздедік. Мен жатырды тігуге кірістім. Әйелге жұлын анестезиясы берілгендіктен, ол нәрестесінің аман-есен дүниеге келгенін түсініп, жақсы сезімде болды. Мен үшін оның сол кездегі психологиялық тыныштығы бәрінен де маңызды еді. Сүйкімді сәбиіңіз дүниеге келді, құттықтаймыз дедім», — деді Раушан Абдувалиева.

Раушан Абдувалиева жолдасы мен балаларына тек ота аяқталған соң ғана қоңырау шалып, жағдайларын сұраған екен. Себебі, мұндай сәтте ең бастысы ол ана мен баланың денсаулығы екенін алға тартты.

«Мен, бұл күнге дейін, баланы босану кезінде, жер сілкінісі болатынын елестете де алмағанмын. Бірақ эмоцияға берілмеу, менің назарымды қуанышты оқиғаға аударуға көмектесті. Жамандық туралы ойлағым да келмеді. Ота сәтті аяқталды, дегенмен есімізде мәңгілік сақталып қалатыны сөзсіз!», — деп сөзін аяқтады акушер-гинеколог дәрігер Раушан Абдувалиева.

Ұл бала салмағы 3910 грамм, бойы 55 см болып дүниеге келді. Ананың да, жаңа туған нәрестенің де жағдайы жақсы.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаржер сілкінісікесарь тілігіқонаев ауруханасы

Соңғы жаңалықтар

Снегопад и похолодание: в Алматинской области объявлено штормовое предупреждение

Николай Иващенко
24.02.2026

Житель Алматинской области пытался продать свою почку за 25 тысяч долларов в Кокшетау

Николай Иващенко
24.02.2026

Два жилых дома горели в Алматинской области

Николай Иващенко
24.02.2026

В месяц Рамазан вагоны-рестораны Нацперевозчика будут работать по специальному графику

Николай Иващенко
24.02.2026

Назначен руководитель управления образования Алматинской области

Николай Иващенко
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалық
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz