«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» ҚР Заңына және Алматы облыстық мәслихатының шешіміне сәйкес қаңғыбас жануарлардың санын реттеу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
2023 жылы қаңғыбас иттерді аулау бойынша 7 299 өтініш түсті. 2024 жылдың басынан бері Қарасай ауданында 446 ит ұсталды, оның 27-сі иелеріне қайтарылды.
Маңызды! 2024 жылдың қаңтарынан бастап қаңғыбас иттердің адамдарға шабуыл жасауының жалпы 133 жағдайы тіркелді, оның ішінде 44-і 14 жасқа дейінгі балаларға жасалған.
Ветеринария басқармасы облыс тұрғындарын жауапты болуға және үй жануарларын ұстау және серуендеу ережелерін сақтауға шақырады. Осы уақытқа дейін Ережелерді бұзғаны үшін жалпы сомасы 55 380 теңгеге айыппұл салынды.
Басқарма жағдайды бақылау бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. Өтініштер үшін ресми сайтта және басқарманың әлеуметтік желілерінде барлық өзекті телефон нөмірлері мен контактілер қолжетімді.
Өзіңізге және айналаңыздағыларға қамқорлық жасаңыз!