Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ІІМ бірнеше қаладан бопсалаумен айналысқан топтарды ұстады

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері бопсалаушыларға қатысты 130-дан аса деректі анықтап, жолын кесті. Оның ішінде қылмыстық топтармен жасалғандар да бар, - деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2024
Жаңалықтар, Қоғам

8 ақпанда ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды.

«Мысалы, олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған. Сонымен қатар, тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көптеген жарақат алды. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды», — делінген хабарламада.

Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады.

«Олар бопсалау, тонау және алаяқтықпен айналысқан. Аталған факт бойынша сегіз қылмыстық іс тергеліп жатыр және күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау бойынша шаралар қабылданады», — делінген хабарламада.

Ақмола облысында екі жастар тобы арасындағы қақтығысқа тосқауыл қойылды. Оқиға орнында травматикалық және суық қару, дубинкалар, сондай-ақ соққы жасауға арналған басқа да металл және ағаш заттар табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта адамдар тобымен жасалған бұзақылық дерегі бойынша іс қозғалды.

«Барлық факт бойынша күдіктілер ұсталды. Тергеу мүддесінде өзге ақпарат жарияланбайды. Құрметті азаматтар, егер сіздер қылмыстық топтар тарапынан қол сұғушылыққа тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар. Біз сіздің ақпаратыңыздың құпиялылығына кепілдік береміз және сізді қорғап, қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бар күш-жігерімізді саламыз», – деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.

Тегтер: ІІМқылмыс

Соңғы жаңалықтар

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

Министр: жаңа Конституция қабылданса, мемлекеттік мереке күні өзгереді

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz