Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында алғаш рет бастауыш партия ұйымдарының форумы өтті

Форумға 55 мыңға жуық партия мүшесін біріктіріп отырған 155 бастауыш партия ұйымының төрағалары қатысты. Бұл туралы облыстық AMANAT партиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Мөлдір Иманмади
29.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Фото: «AMANAT» партиясы Алматы облыстық филиалының баспасөз қызметі

Қонаевта өткен жиында бастауыш ұйым төрағалары тұрғындардың мәселесін шешудегі тәжірибелерімен бөлісті. Ұйымның жұмысын жандыру жолдарын талқылады.

«Бастауыш ұйымдар – партиямыздың негізгі қозғаушы күші. Саяси өзгерістердің бел ортасында бастауыш партия ұйымдарының қолдауларың ерекше сезіндік. Бүгінде Алматы облысында «АМАNАТ»-тың 54 989 мыңға жуық мүшесі 155 бастауыш партия ұйымына біріктірілген. Дәл сол ортада азаматтар партия қатарына қабылданады және қоғамда партияның құндылықтарын ілгерілетуге қабілетті жаңа көшбасшылар қалыптасады», – дейді партия филиалының төрағасы Қуат Байғоджаев.

Оның айтуынша, AMANAT пар­тиясы бірқатар әлеуметтік жоба­лардың бастамашысы. Бастауыш ұйымдар «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы» және басқа да жобаларды іс жүзі­не асыру барысында ерекше белсенділік танытып жатыр. Мәселен, екі айда «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 600-ге жуық өңір тұрғыны қаржылық сауаттылығын арттырды. Ал өткен жылдан бері «Ауыл аманаты» жобасы бойынша ауыл тұрғындарына 4,6 млрд теңгеден аса сомада 622 шағын несие берілді. «Жер аманаты» жобасы аясында жекеге заңсыз өткен 236 мыңнан аса гектар жер мемлекетке қайтарылды.

«Бұл нәтижеге, көрсеткішке оңай қол жеткен жоқпыз. Шынын айту керек, мұндай нәтиженің артында барлық бастауыш партия ұйымының еңбегі, әрбір партияластың төккен тері тұр. Біз оны қашанда жоғары бағалаймыз», – деді Қуат Байғоджаев.

Ал бастауыш партия ұйымының партиялық жобаларды іске асыру аясындағы қызметі туралы Іле аудандық филиалының «Байсерке» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сұлтан Жарқынбеков тәжірибесімен бөлісті.

«Қазіргі уақытта,  барша қазақ­стандықтар өздерінің кемел келе­шектерін партиямен байланыс­тырады. Ал оның айқын көрінісін Іле аудандық «Байсерке» бастауыш партия ұйымының жұмы­сынан көруге болады. Бастауыш партия ұйымының мүшелері жергілікті басқару органдарымен бірлесе отырып халықтан түскен өтініштер бойынша Қоянқұс, Ынтымақ, Жаңадәуір, Жаңаталап, Байсерке ауылдарында 42 көшенің жолын жасауға атсалысты. «Баланы мектепке дайындайық» акциясы аясында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған 55 отбасының 210 баласына киім-кешек пен оқу құралдары алынып берілді. Мақта­нышпен айтар ізгі іс көп. Мәселелер сөз күйінде қалып жатқан жоқ, шешімін табуда. Билік пен халық арасын байланыстырып отырмыз», – деді Сұлтан Жарқынбеков.

 Сондай-ақ, форумда партия қатары жаңа мүшелермен толықты. Оларға партия билеті табысталды. Жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған 16 партия ұйымының төрағалары алғыс хат және арнайы статуэткалармен марапатталды.

Тегтер: «Amanat» партиясыАлматы облысының AMANAT партиясыбастауыш партия ұйымдарының форумыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz