Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Шенеуніктер тендерді ұтып алу схемасын байқамай порталға жариялап жіберді

Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасына қарасты «Самар-Вет» ШЖҚ КМК қызметкерлері лоттың техникалық сипаттамасын тексерместен мемлекеттік сатып алулар порталына жариялап жіберген. Құжатта конкурсты ұтып алу мақсатында құрған жоспарлары да жазылған, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
29.02.2024
Аймақ, Жаңалықтар
Фото: stock.adobe.com

Фото: stock.adobe.com

Жарияланған лот автокөліктерді сақтандыру туралы. Конкурс сомасы 270 мың теңге. Қазіргі уақытта, лоттың күші жойылды, дегенмен оны мемлекеттік сатып алулар сайтынан өшіру мүмкін емес. Техникалық сипаттамада УАЗ 390945-330, Lada Granta, Ssang Yong Acnoyon және алты Lada 21214 автокөліктерін сақтандыру туралы айтылады.

Ары қарай, мәтінде конкурсты ұтып алу бойынша «лайфхак» көрсетілген.

«Болды, көліктер туралы басқа ешқандай ақпарат жазбаңдар. Мемлекеттік нөмірін де, кузов пен техпаспорт нөмірін де айтпаңдар. Айтпесе, басқа сақтандырушылар да көріп, Петропавл ма бір жақтан шығады. Полистерді олар сендерге береді, бірақ ЖКО бойынша көмек көрсеткісі келмейді, себебі алыс. Егер хабарласып көлік туралы немесе басқа да сұрақтар қойып жатса, сатып алушы орнында жоқ деп айта салуға болады. Дайын болған кездеріңде маған хабарласып, конкурсқа қашан шығаратындарыңды айтыңдар. Негізі екі күн бұрын айтқандарың дұрыс. Мен өз адамдарыма ескертіп қоямын. Жұмыс уақытында шығарыңдар. Лот нөмірін көрген кезде маған айтасыңдар. Мен оны өз адамдарыма жеткіземін, сосын порталға шығасыңдар сол кезде олар  сендерді ұстап алу керек. Егер барлығын мен жазғандай істесек, ойымыз жүзеге асады», — деп жазылған нұсқаулықта.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімі түбегейлі өзгертіліп, оларды жеделдетуге және жеңілдетуге баса назар аударылатыны белгілі болды.

Тегтер: «Самар-Вет» ШЖҚ КМКавтокөліктерді сақтандыруБасты жаңалықтарконкурслотмемлекеттік сатып алулар порталытендерШығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында 1500 шақырымдық туристік маршрут зерттелді

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында көші-қон заңын бұзған 9 шетелдік елден шығарылды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысындағы резонансты іс: ер адам 25 жылға сотталды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Алматы облысында дәрігерлер күрделі ота жасап, науқастың өмірін сақтап қалды

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

Іле ауданында 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып жатыр

Қорлан Нұрланқызы
19.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz