Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Премьер-министр шенеуніктердің салғырттығы туралы айтып, ескерту жасады

Премьер-министр Олжас Бектенов шенеуніктердің салғырттығынан "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 99 нысан уақытында салынбағанын айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Оның айтуынша, президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында аталған ұлттық жобаны іске асыру жұмыстарының тиімсіз жүріп жатқанын еске салған.

«Бұл мәселе Үкіметте бірнеше рет қаралды, бірақ әзірге нақты нәтиже жоқ. Өздеріңізге мәлім, өткен жылы 309 объектіні салу жоспарланған. Алайда жобалық-сметалық құжаттаманы дайындау жұмыстары тым ұзаққа созылып кетті. Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды әлсіретіп алды. Әкімдіктер де құрылыс орындарын анықтау, жер учаскелерін уақытылы бөлу бойынша түрлі сылтау айтып, мәселені шұғыл шешуге ниет танытқан жоқ. Соның салдарынан өткен жылы тек 99 объектіні тапсыру туралы шешім қабылданған болатын.Бірақ оның өзіне қол жеткізілген жоқ», — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министр 7 медициналық объектінің құрылысы әлі аяқталмағанын атап өтті.

«Былтыр әкімдіктер типтік жобаларды жергілікті жерге байланыстыруға тиіс еді. Бұл жұмыс та аяқсыз қалды. Қазір 239 объектінің жобалық құжаттамасы дайын, оның 109-ы бойынша ғана мердігер компаниялар айқындалды. Қалғандары әзірге нақты істен гөрі, жалаң сөз күйінде қалып отыр. Ал құрылыс жұмыстарын алдағы наурыз-сәуірде бастау қажет. Денсаулық сақтау министрлігі болса, оларды қаржыландыру үшін бюджеттік өтінімдерді беруге асығар емес.
Әкімдіктер де қаржыландыру мәселелерін шеше алмай келеді. Әлі күнге дейін көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды күрделі жөндеу жұмыстары басталмады. Сондай-ақ оларға медициналық жабдықтар сатып алу ісінде де жағдай мәз емес. Мұндай процедуралар көп уақытты алады», — деді ол.

Үкімет басшысы министрлік олардың есеп-қисабын жүргізбегенін атап өтті. Осыған байланысты Олжас Бектенов тиісті тапсырма берді:

Біріншіден, облыс әкімдіктері Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірге 1 сәуірге дейін жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуді аяқтасын.

Екіншіден, Денсаулық сақтау, Қаржы министрліктері мен әкімдіктер жобаларды қаржыландыру мәселесін жедел шешуге тиіс.

Үшіншіден, Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктер биыл барлық объектіні құрылысы мен оларды пайдалануға беруді нақты мерзімінде аяқтауы қажет. Жұмыстар баяу жүріп жатқандықтан, бұл мәселені жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қайта қараймыз.

«Тамара Босымбекқызы (Үкімет басшысының орынбасары), үйлестіру мен бақылауды күшейтіңіз. Мерзім бұзылса, жауапты тұлғаларға шара қолдану туралы ұсыныстар енгізіңіз», — деді премьер-министр.

Тегтер: Премьер-Министр

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz