Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Премьер-министр Ұлытау облысының әкімін сынады

Премьер-министр Олжас Бектенов "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын тиісті деңгейде бақыламаған Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлына ескерту жасады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
27.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Үкімет отырысында Олжас Бектенов былтыр өңірде тек бір медициналық нысан салынғанын мәлімдеді.

Былтыр Ұлытау облысы 5 фельдшерлік-акушерлік пункт ашылуға тиіс болған. Оның төртеуінің құрылысы әлі күнге дейін аяқталмады. Облыс жыл бойы небәрі бір-ақ объектіні пайдалануға берді. 4 объектінің құрылысы қыркүйекте ғана басталды. Әкімдік ұлттық жобаның орындалуын бақыламай отыр деп санаймын. Жыл соңына дейін тағы 15 объекті салынуы қажет. Берік Әбдіғалиұлы, не айтасыз?» — деді премьер-министр.

Ұлытау облысының әкімі құрылыс кешігуіне жауапсыз мердігер кінәлі екенін айтты.

«2023 жылы облыс бойынша 9 мемлекеттік және бір жеке меншік фельдшерлік-акушкерлік пункт құрылысы жүргізілді. Оның бесеуі «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде болса, төртеуі «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша салынды. Жоғарыда аталған 4 нысан бойынша маусымда бір мердігер жеңіп, құрылыс барысында сапасыз материалдарды қолданғаны анықталды. Осыған байланысты құрылыс монтаж жұмыстары орындалмай, уақытылы орындалмай шартты бұзуға мәжбүр болдық. Қазіргі таңда мердігерді жосықсыз деп тану туралы сот процесі жүріп жатыр. Қалған жұмыс көлемін аяқтау үшін конкурс жарияланды. Мердігер 13 наурызда анықталады деп жоспарланып отыр. Жалпы нысандардың дайындығы — 75-80 пайыз.
Яғни ішкі әрлеу, абаттандыру жұмыстары қалды», — деді ол.

Берік Әбдіғалиұлы өңірлерді нысандардың құрылысын бітіруге облыс бюджетінен 120 миллион теңге қарастырылғанын жеткізді.

«Барлық 4 нысан бойынша жұмысты мамырдың соңына дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз. 2024 жылғы жобалар бойынша 15 жоба жоспарланған. Оның 13-і мемлекеттік сараптамадан өту сатысында. Наурыздың соңына дейін сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр. Содан кейін мердігерді анықтау үшін конкурс жарияланады. Сәуірде мердігерді аяқтап, мамырда құрылысты бастау жоспарланған. Құрылыстың басталуына облыс бюджетінен 106 млн теңге, инфрақұрылым құрылысына 320 млн теңге бөлінген. Бүгінде мердігерді анықтау рәсімдері жүргізіліп жатыр», — деді шенеунік.

Үкімет басшысы облыс әкіміне ескерту жасады.

«Берік Әбдіғалиұлы, жұмыс қарқыны төмен. Шұғыл түрде, барлық қажет шараны қабылдаңыз!» — деді Олжас Бектенов.

 

Тегтер: ҚР Премьер-Министрі

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша көпшілік тыңдау өтеді

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: тексер

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Тоқаев Сауд Арабиясының Тақ мұрагерімен телефон арқылы сөйлесті

Қорлан Нұрланқызы
05.03.2026

Алматы облысында референдум күні азаматтарды тіркеу сервистері іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
04.03.2026

Мен болашақ үшін дауыс беремін!

Мөлдір Иманмади
04.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz