Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевтың шағын аудандарында қандай құрылыс жұмыстары жүруде?

Қонаев қаласында халық саны күннен күнге көбейіп, жеке тұрғын үйлер салынып жатыр. Қарқынды құрылысқа байланысты қаладағы бірнеше шағын аудандарда инфрақұрылымдық желілерді тарту, жаңғырту бағытында жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды alataunews.kz

Мөлдір Иманмади
23.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Фото: Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Бүгін соның бірнешеуіне тоқталуды жөн көрдік. ТҮКШ бөлімінің мәліметіне сәйкес, 8-10 ықшам аудандарында су желісі мен кәріз желісін қайта жаңғырту жобасы іске асуда. Жоба бойынша 26 шақырым су құбыры және 8 шақырым кәріз құбыры тартылып, 7-ші шағын кәріз сорғы станциясын іске қосу қарастырылған. Жұмыстар биыл аяқталады деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны — 1,2 млрд. теңге. Сондай-ақ осы шағын аудандарда электр желілерінің жиі істен шығу мәселесін шешу мақсатында қосымша 3 трансформаторлық қосалқы станциялары мен 100 бағана орнатылды. Қазіргі таңда оларды іске қосу бойынша жұмыс жүріп жатыр.

 

2023 жылдың қараша айынан бастап 8, 10 шағын аудандарында автомобиль жолдары күрделі жөндеуден өтіп, басты көше кеңейтілуде. Жоба биылға өтпелі. Ал «Гүлдер» ықшам ауданында жаңа электр желілері жүргізіліп, 80 жарық бағанасы және 1 дана 400 кВт трансформатор орнатылды. Жақын арада трансформатор қолданысқа беріліп, абоненттер электр желісіне қосылады.

Бұдан бөлек, «Қарлығаш» шағын ауданының автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жобасы түзетуден өтіп, 2023 жылы мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алынды. Биылға 286 млн теңге қаражат бөлінген. Бүгінгі таңда мердігер ұйымды анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Былтыр қазан айында аталған екі шағын ауданда «Сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жаңарту» жұмыстары басталды. Оған бюджеттен 481 645,8 мың теңге қаржы қарастырылған. Аталған жұмыс бойынша 17.8 шақырым су құбыры, 7.13 шақырым кәріз құбыры тартылуы керек. Алайда, мердігер компания міндетін өз деңгейінде орындаған жоқ. Сәйкесінше, сотқа талап арыз жолданып, серіктестік «жосықсыз мердігер компаниялар» тізіміне енгізілді. Инженерлік желілермен қамту жобасы басқа компанияға беріліп, жұмыс жалғасады.

Тегтер: "Гүлдер" ықшам ауданы«Қарлығаш» шағын ауданыАлматы облысыжаңа құрылысҚонаев қаласыТҮКШшағын аудан

Соңғы жаңалықтар

Алматы бастаған үш қалада баспана бағасы күрт өсті – сарапшылар не дейді?

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Наурыз айындағы демалыс кестесі жарияланды: 13 күндік демалыс күтіп тұр

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында жаңа Конституцияны қолдауға арналған концерт өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында 25 ақпанда дабыл сиренасы іске қосылады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz