Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысы аумағында сейсмикалық жаттығулар өтеді

2024 жылдың 23 ақпанында сағат 12.00-де Алматы облысы аумағында азаматтық қорғаудың хабарлау жүйесін қоса отырып, жалпы облыстық сейсмикалық жаттығулар өткізу жоспарлануда, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
21.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: ptzgovorit.ru

Фото: ptzgovorit.ru

Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен облыс қонақтарынан сабыр сақтауларын сұрайды. Жаттығу оқу мақсатында өткізіледі.

«Сеймикалық жаттығулар кезінде ғимараттардағы суды, газды, электр қуатын өшіріңіз. Дабыл чемоданыңызды алып, сыртқа шығыңыз. Сыртта қауіпсіз орында, атап айтқанда электр желілерінен, тіректерден, ағаштардан және ғимараттардан алыс қашықтықтағы ашық аумаққа орналасыңыз.

Білім беру мекемелерінің басшылары! Оқушыларды (балаларды) ғимараттан эвакуациялау жоспарын нақтылаңыз және балаларды іргелес қауіпсіз аймаққа орналастыру орындарын алдын ала анықтаңыз. Балалар мен студенттерді осы қауіпсіз орынға эвакуациялаңыз», — делінген Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, жалпы облыстық сейсмикалық жаттығуды өткізудің мақсаты халықтың жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын тексеру болып саналады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтардабыл чемоданыжер сілкінісіжер сілкінісі кезіндегі іс-қимылсейсмикалық жаттығулартөтенше жағдайлар департаменті

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz