Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Су тасқынына дайындық қағаз жүзінде ғана қалады — Премьер-Министр

Премьер-Министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкіметтің отырысында өңірлердегі су тасқынына дайындықтың формалды түрде өтетінін айтты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
20.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам
Фото: primeminister.kz

Фото: primeminister.kz

Үкімет басшысының айтуынша, су тасқыны мәселелерін бақылауда ұстауға тікелей өңір әкімдері жауапты.

«Өңір әкімдері су тасқыны мәселелерін жеке бақылауда ұстауы тиіс. Бұл орайда Төтенше жағдайлар министрлігінің үйлестіруші рөлі өте маңызды. Министрлік жыл сайын «Көктем» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуында су тасқыны кезеңіне дайындықты тексереді. Барлық өңірлер су тасқынына толық дайынбыз деп баяндайды. Ал сайып келгенде тұрғындар мен су басқан ғимараттар және инфрақұрылым зардап шегеді. Яғни, бұл оқу-жаттығулар формалды түрде өткізілетінін, ал дайындық қағаз жүзінде ғана қалатынын көрсетеді», — деді Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында.

Үкімет басшысы Төтенше жағдайлар министрлігіне оқу-жаттығуды өткізу форматын қайта қарауды тапсырды.

«Көлемді судың келетін күні алыс емес. Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, арнайы және инженерлік техниканы шоғырландырып, бизнес техникасын резерв ретінде пайдалану туралы келісімге келуі керек, аса қауіпті учаскелер маңында қажетті материалдар қорын жинауы қажет. Көлік қатынасы үзіліп қалуы мүмкін елді мекендерді алдын ала айқындап, ондағы азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қорын дайындаған жөн», — деді О. Бектенов.

Сонымен қатар, Ақпарат министрлігімен бірлесіп халыққа су тасқыны қаупі және эвакуациялау кезіндегі әс-қимыл туралы уақытылы хабардар етіп отыру керек екенін ескертті.

«Ақпарат министрлігімен бірлесіп, бүгіннен қалдырмай халықты су тасқыны қаупі, су басу және эвакуациялау кезіндегі іс-қимыл ережелері туралы кеңінен хабардар ету жұмыстарын бастау қажет. Халықпен нақты кері байланыс орнатып, олардың көмек көрсету туралы өтініштері бірден қаралуы тиіс. Көлік министрлігі жолдар мен көпірлер жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізсін. Жолдарды су шайып кеткен жағдайда, оларды жедел қалпына келтіру бойынша барлық қажетті шаралар қабылдансын», — деді Премьер.

Тегтер: Басты жаңалықтароқу-жаттығуолжас бектеновПремьер-Министрсу тасқынысу тасқыны қаупіТөтенше жағдайлар министрлігіҮкіметтің отырысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда техникалық байқау қағидаларына өзгерістер енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Талғар ауданында 500-ге жуық жастың қатысуымен форум өтті

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Алматы облысында жыл басынан бері 57 есірткі құқық бұзушылығы анықталды

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

Қонаевта кәріз тазарту жүйесінің құрылысы жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
20.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz