Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлытау облысында балаларды құлдықта ұстаған әйел қамауға алынды

Қазақстандағы бала құқықтары бойынша уәкіл Динара Закиева Іnstagram парақшасында Ұлытау облысында асырап алған балаларын бес жыл бойы шаруашылық фермада жұмыс күші ретінде пайдаланған өгей ана қамауға алынғанын жазды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
19.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Закиеваның жазуынша, өгей ана балалар үйінен 2018 жылы асырап алған балаларын қаладан 20 шақырым жердегі фермада мал бақтырған.

Ақпанның басында облыстық прокуратура мен қамқоршы өкілдерден құралған мобильдік топ бір отбасының үш баласын – бір қыз бен екі ұлды тапқанын айтады. Асырап алған кезде балалар 14, 12, 8 жасар болған.

Омбудсменнің сөзінше, комиссия мүшелері фермаға келіп, балалардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын көріп шошыған. Олардың денесі көгеріп, тілінген, азып-тозып, шаршаған, аш, көз жанары солған, кір-қожалақ, киімдері жыртық. 

Тексеру барысында ұлытаулықтың 3 бала үшін жәрдемақы алып келгені де анықталды.

«Балалардың үлкені – қыз, колледжді тәмамдаған, алайда іс жүзінде сабаққа мүлде бармаған. Ортаншы ұл колледжде «оқиды». Құқық қорғау органдары білім мекемесін тексерсе, ата-анасы үнемі балалардың ауырғаны туралы анықтама беріп отырған екен. Қамқоршы қызды жұмыс істемесең, не шағымдансаң, бауырларыңды көрмейсің деп қорқытқан», – деп жазды Закиева.

 

Тегтер: бала құқығыҰлытау

Соңғы жаңалықтар

Жол қауіпсіздігі – әр адамның жауапкершілігі

Диана Ахметова
20.07.2026

Наркоқылмысқа – жол жоқ!

Диана Ахметова
20.07.2026

Алкогольге тәуелділік – денсаулық пен қоғамға төнген қауіп

Диана Ахметова
20.07.2026

Интернет-дүкендегі алаяқтық: онлайн саудада қалай алданбауға болады?

Диана Ахметова
20.07.2026

Жеке мүлік – заңмен қорғалатын құқық

Диана Ахметова
20.07.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz