Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Елімізге аптасына кемінде 11 мың турист келеді

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша, туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы өз позициясын жақсартқан. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

26.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, елімізде жылдың басынан бері 550 мың адам Щучинск — Бурабай курорт аймағына барған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп.

Жазғы маусымда 240 мыңға жуық адам Шымбұлаққа барды. Бұл былтырғы жазғы маусымға қарағанда 90 мыңға артық. Дегенмен нақты көрсеткіштер маусым аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Министрліктің мәліметтеріне сүйенсек, 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша:

  • орналасу нысандарына жайғасқан ішкі туристер саны 21,5% артып, 1,13 млн адамды құрады;
  • орналасу нысандары 26,3 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетті, бұл 2021 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 25,7%-ға артық;
  • апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметінше, туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы 117 елдің арасында 66-орынды иеленді. 2019 жылы 140 елдің ішінде 80-орынға ие болған.

Сонымен бірге еліміз «Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік» ( 1-орын), «Туризмнің маусымдылығы» (26-орын), «Табиғи ресурстар» (33-орын), «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерінің саны» (42-орын) көрсеткіштері бойынша жоғары баға алды.

Айта кету керек, өткен жылы Қазақстанда ішкі туристер саны рекордтық деңгейге жетті. Тіркелгендер саны шамамен 7 млн-ды құрады.

Тегтер: ҚазақстанТуризмтурист

Соңғы жаңалықтар

Профилактика пищевых отравлений на объектах образования Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

КНБ совместно с иностранным госорганом провел задержание в Алматы

Николай Иващенко
26.02.2026

Штормовые предупреждения объявлены в ряде регионов Казахстана на 26-27 февраля

Николай Иващенко
26.02.2026

Минэкологии РК прокомментировало информацию в соцсетях о падеже сайгаков

Николай Иващенко
26.02.2026

Rearview shot of an unrecognizable young woman working in a call centre

Важные номера экстренных служб и call-центров Алматинской области

Николай Иващенко
26.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz