Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әйелі сотталды

Астана соты бұрынғы министр Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
14.02.2024
Жаңалықтар, Саясат
Фото: golos-naroda.kz

Фото: golos-naroda.kz

Тергеу барысында Мұхамедиұлы аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деп (Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 367-бабының 4-бөлігі), Ысқақова парақорлыққа делдалдық жасады деп (Қылмыстық кодекстің 368-бабының 1-бөлігі) және Төлеев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) айыпталды.

Мұхамедиұлы аса ірі көлемде пара алуға әрекеттенгені үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның әйелі Ғалия Ысқақова пара алуда делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.

Делдал болған адвокат Мұстахим Тулеев аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға айналдыру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Ы. парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды. Т. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды, — деп жазылған Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәліметінде.

Еске салайық, 2022 жылдың 29 мамырында Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Тегтер: Арыстанбек МұхамедиұлыБасты жаңалықтарҒалия ЫсқақовақылмысМұстахим Тулеевпара

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысының энергетиктері жаңа Конституцияны қолдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Тоқаев Орталық референдум комиссиясының төрағасын қабылдады

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдум өткізуге Үкімет резервінен 21 миллиард теңге бөлінді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Үкімет Каспий теңізін зерттеуге 1,1 миллиард теңге бөлді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

Референдумда дауыстар қашан саналады? Орталық комиссия түсіндірді

Қорлан Нұрланқызы
24.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz