Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Қонаевта отпен ойнаған балалар көппәтерлі үйді өртей жаздады

Қонаев қаласында 4 қабатты көппәтерлі үйдің пәтерінен өрт шықты. Оған себеп балалардың оттықпен ойнауы болды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Мөлдір Иманмади
13.02.2024
Аймақ, Алматы облысы, Жаңалықтар
Фото: Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Фото: Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы

Оқиға орнына дереу Алматы облысы ТЖД қызметкерлері келді. Пәтер ішінде кір жуғыш машина мен ас үйдің қабырғасындағы түсқағаз және жатын бөлмедегі кереуеттің жалпы ауданы 3 шаршы метр аумақты өрт шалғаны анықталды.
Алдын ала ақпарат бойынша, өрттің шығуына балалардың оттықпен ойнауы себеп болған.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт сағат 18:35-те сөндірілді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жедел жәрдем қызметкерлері 2019 және 2014 жылы туған екі баланы Қонаев қаласының ауруханасына жеткізді. Сондай-ақ, 19 адам, оның ішінде 8 бала өз бетінше эвакуацияланды.

Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД 7 қызметкері мен 2 бірлік техникасы, жедел медициналық жәрдем қызметінің 6 қызметкері және 2 бірлік техникасы, Полиция департентінің 7 қызметкері және 2 бірлік техникасы шықты.

Алматы облысының ТЖД тұрмыстық өрт қауіпсіздігі шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауды еске салады.

Тегтер: Алматы облысы жаңалықтарыБасты жаңалықтарҚонаевөрт

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz