Синоптиктердің мәліметінше, елімізде ауа температурасының құбылуы күтілуде.
«13-14 ақпанда фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, солтүстік облыстарда қатты қар жауады, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ батыста -5+5°С, солтүстік, орталық шығыс облыстарда -5+2°С дейін көтеріледі», — делінген хабарламада.