Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Rixos Aktau қонақүйіне қомақты айыппұл салынды

Rixos Aktau қонақүйіне қомақты айыппұл салынды, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
12.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

8 қаңтарда Табиғи орта ассоциация кеңесінің төрағасы Ә.Қозыбақов әлеуметтік желіде таралған бейнежазба бойынша, яғни Aktau Tourism City Ltd жеке компанияның филиалы мен TetysBlu паркі жағынан Қаракөлге құбыр арқылы сарқырама төгінді судың құйылып жатқаны бойынша арыз түсіргені белгілі.

«Аталған дерекке қатысты департамент «Rixos Water World Aktau» қонақ үйіне ҚР кәсіпкерлік кодексінің 144 бабы 5 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, 2024 жылдың 9 қаңтарында №3 санды жоспардан тыс тексеріс тағайындалды. Тексеріс нәтижесі бойынша Aktau Tourism City Ltd ФЖК-не қатысты экологиялық заң талаптары сақталмағаны анықталып, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 331 бабының 2 тармағына сәйкес — осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін сол бір құрылысжайға, жабдыққа немесе эмиссия көзіне қатысты бір жыл ішінде қайталап жасалған, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үш жыл ішінде қайталап жасаған әрекеті бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша қысқартылған іс жүргізудің негізінде қарастырылып, 1 846 000 тенге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 328 бабының 1 тармағына орай — шығарындылардың технологиялық нормативтерін, төгінділердің технологиялық нормативтерін, эмиссиялардың технологиялық үлестік нормативтерін немесе қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерін асыру, экологиялық рұқсатта көрсетілмеген көздерден эмиссияларды жүзеге асыру, сол сияқты қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін жұмыс істеп тұрған объектіге жаңадан берілген экологиялық рұқсатсыз эмиссияларды жүзеге асырғаны бойынша іс қозғалғанын және айыппұл 232 663 тенге салынды», — деп жазылған экология департаментінің хабарламасында.

Тегтер: айыппұлАқтау

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz