Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Әлем

Тоқаев Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
10.02.2024
Әлем, Жаңалықтар, Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Си Цзиньпин мен Қытай халқын «Чуньцзе» мерекесімен құттықтады.

«Қытай Халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуымен тұспа-тұс келетін биылғы айдаһар жылы мемлекетіңізді одан әрі өркендету жолында жетістіктерге толы боларына сенімдімін. Осы тұста Сіздің маңызды стратегиялық бастамаларыңыз бен тың жоспарларыңыздың сәтті жүзеге аса беруіне шынайы тілектеспін. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың «алтын 30 жылдығы» аясында игі мақсат-міндеттерімізге қол жеткізіп, халықтарымыздың жарқын болашағы жолындағы сындарлы әріптестігімізді жаңа деңгейге көтеруге айрықша мән беремін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Қытай халқына бақ-береке тіледі.

Тегтер: Қазақстан-Қытайқұттықтау

Соңғы жаңалықтар

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

Таза Қазақстан – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Акжаркын
16.09.2026

Жаңа дәуірдің басты құжаты – Конституция

Акжаркын
16.09.2026

Құқық бұзушылықтың алдын алу – ортақ іс

Акжаркын
16.09.2026

Алматы облысының прокуратура қызметкеріне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz