Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Арнайы жоба

Саунаға келген жігіттерді аяусыз соққыға жыққан күзет қызметкерлері сотталды

Түркістан облысы, Сайрам ауданында саунаға келген жігіттерді аяусыз соққыға жыққан күзет қызметкерлері сотталды. Сегіз ай бұрын болған қылмысты оқиға кезінде 27 жастағы азамат есін жимастан көз жұмған, деп хабарлайды Alataunews.kz сайтының тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

26.07.2022
Арнайы жоба, Жаңалықтар

Сайрам аудандық сотының мәліметінше, аталған қылмыстық оқиға бойынша 5 айыпталушыға қатысты үкім шықты. Сотталушылардың бірі – 9 жыл, енді біреуі — 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Тағы 3 айыпталушы Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабымен кінәлі деп танылып, оларға 2 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

«Айыпталушылардың іс әрекеттері Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігімен, Орынбасаров пен Өмірәліге қатысты іс 106-баптың 3-бөлігімен және 293-баптың 2-бөлігі 1-2 баптарымен сараланды. Қалған сотталушылар «ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай» жарияланған рақымшылық жасау туралы Заңына сай қылмыстық жауапкершіліктен босатылды», — деді Сайрам аудандық сотының төрағасы Құрманғали Дүйсебеков.

Сонымен қатар, қайтыс болған Еламан Мәліковтың заңды өкілдері берген азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылып, айыпталушылардың бірінен жәбірленуші тарапқа 4,5 миллион теңге моральдық залал өндірілді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, осыдан 8 ай бұрын Сайрам ауданындағы демалыс кешеніне келген 4 жігітті күзет агенттігінің қызметкерлері тепкіге жыққан болатын. Салдарынан жәбірленушілердің бірі қайтыс болып, тағы үшеуі зардап шеккен еді. Кейін күзет қызметінің өкілдері ұсталып, оларға қатысты сот отырысы бірнеше айға созылды.

Тегтер: сот үкіміТүркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта газ қауіпсіздігі күшейтілді: 469 пәтер тексерілді

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында тауда жарақат алған 18 жастағы турист құтқарылды

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Алматы облысының таулы аймақтарында қар түсті

Қорлан Нұрланқызы
26.08.2026

Жаңа Қазақстан және жаңарған Конституция

Диана Ахметова
26.08.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz