Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Электр желілеріне қосылу үшін қандай шарттар қажет?

Энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтағы тұтынушылар арасында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледi, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
07.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

2015 жылғы 25 ақпандағы № 143 Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының (бұдан әрi — Қағидалар) 3-қосымшасына сәйкес, электр желiлерiне қосылу үшiн еркiн нысандағы өтiнiш пен сауалнаманың негiзiнде тұтынушыларға электр желiлерiне қосылуға арналған техникалық шарттар берiледi. Жаңадан қосылған немесе қалпына келтiруге болатын электр қондырғыларға энергия өндiрушi немесе энергия берушi ұйымдар техникалық шартты тұтынушыдан өтiнiштi алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде бередi.

Сонымен бiрге Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2021 жылғы 22 қазандағы № 325 бұйрығымен бекiтiлген Қағидаларға түзетулер енгiзiлуiне байланысты энергетикалық кәсiпорындар техникалық шартпен бiрге тұтынушыларға электр желiлерiнiң балансы шекарасын анықтау мен тараптардың қол қойған пайдалану жауапкершiлiгi актiсiн қосылу схемасымен қоса бередi. Құрылыс мерзiмiнде салынып жатқан объектiлердi электрмен жабдықтау үшiн тұтынушыларға уақытша техникалық шарттар берiледi.

Техникалық шарттарды беру энергия берушi ұйымның электр желiлерiне немесе энергия өндiрушi ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкiндiгi болған жағдайда жүзеге асырылады.

Техникалық шарттарды беру және қайта ресiмдеу үшiн ақы алынбайды.

Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптармен келiспеген жағдайда тұтынушы тәуелсiз энергетикалық сараптама жүргiзу үшiн сараптама ұйымымен байланыса алады. Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптардың негiзсiздiгi туралы энергетикалық сараптаманың қорытындысы негiзiнде тұтынушы энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымға еркiн нысандағы өтiнiштi қайта жiбередi 18 тармаққа сәйкес.

Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптарды өзгертуден екiншi рет бас тартқан жағдайда тұтынушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымның әрекеттерiне шағымданады.

Тұтынушылардың электр желiлерiне қосылуды жоспарлап отырған қосалқы тұтынушылар техникалық шарттарды тұтынушылардан (электр желiлерiнiң иелерiнен) алады және оларды тұтынушыға техникалық шарттар берген энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйыммен келiседi. Тұтынушымен (электр желiлерiнiң иелерiмен) келiсiм бойынша энергия тұтынушы немесе энергия өндiрушi ұйым қосалқы тұтынушыларға техникалық шарттар беруге рұқсат етiледi.

Авторы: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Е. Нармұратов

Тегтер: Алматы облысықоғамөңір

Соңғы жаңалықтар

Как идет профилактика и борьба с коррупцией в системе санитарно-эпидемиологического контроля в Алматинской области за 2025 год

Николай Иващенко
03.03.2026

Предприниматели Алматинской области креативно подошли к агитации по предстоящему референдуму

Николай Иващенко
02.03.2026

Как найти свой избирательный участок в Алматинской области на референдум

Николай Иващенко
02.03.2026

Токаев и Вучич говорили о совместных проектах на расширенных переговорах в Астане

Николай Иващенко
27.02.2026

Новый медпункт построили в Алматинской области за счет возвращенных активов

Николай Иващенко
27.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz