Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«Алтын Орда» базарының бұрынғы басшыларының бірі сотталды

"Алтын Орда" базарының бұрынғы атқарушы директоры Ермек Марқабаевқа үкім шықты, деп хабарлайды alataunews.kz.

Қорлан Нұрланқызы
05.02.2024
Жаңалықтар, Қоғам

Алматы облысы Қарасай аудандық соты баспасөз қызметінің мәліметінше, оған аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз сақтап, тасымалдады деген айып тағылған.

«Былтыр жазда «Алматы — Бішкек» автожолында полиция қызметкерлерімен автокөлік тоқтатылған, оның артқы жолаушылар орнында сотталушы Марқабаев болған. Жеке тінту кезінде сотталушы Марқабаевтан ұнтақ сақталған зат табылып тәркіленді. Сот-химиялық сараптаманың нәтижелері бойынша бұл зат психотропты зат болып шықты – салмағы 1,796 грамм болатын мефедрон (аса ірі мөлшерде)», — делінген сот таратқан хабарламада.

Прокурор Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігі бойынша күдікті Марқабаевты кінәлі деп тануды және оған 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Марқабаев кінәсін мойындамаған және айғақ беруден бас тартқан.

«Сотталушы Марқабаевтың кінәсі қылмыстық іс материалдарымен дәлелденіп, расталған, яғни оның ішінде: сотта зерттелген ұстау және жеке тінту бейнежазбасымен, психотроптық заттың сот-химиялық сараптама нәтижелерімен, алақанның жуылуын, қолдың тырнақ кесінділерін және құрамында психотроптық зат-мефедрон бар джинсы шалбар қалтасының кесіндісінен, сот – химиялық зерттеулермен дәлелденіп бекітілген», — делінген хабарламада.

Бұл қылмысты жасаған адамның кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

«Сот үкімімен Марқабаев Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», — деп хабарлады сот.

 

Тегтер: Сотүкім

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерге арналған «Журналист – жау емес» атты оқу тренингі өтті

Мөлдір Иманмади
03.03.2026

СІМ мәлімдемесі: алғашқы эвакуациялық автобустар Дубайдан жолға шықты

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында су тасқыны қаупі орташа: дайындық күшейтілді

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Алматы облысында референдумға дайындық: есептен шығару куәлігін қалай алуға болады?

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

Қазақстанда «Стрептоцид» дәрісі айналымнан алынды

Қорлан Нұрланқызы
03.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz