Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Ақтауда Ресейдің бас консулдығы ашылады

Қасым-Жомарт Тоқаев 9 қарашада Ақордада Владимир Путинмен кездесуінде Ақтауда Ресей бас консулдығы ашылатынын мәлімдеді.

09.11.2023
Саясат

Мемлекет басшысы бұл екі ел арасындағы дипломатиялық өзара іс-қимылды кеңейтетінін атап өтті.

«Жақын арада Ақтауда Ресейдің бас консулдығын ашу жоспарланып отыр. Биыл Қазақстанның Ресейдегі өкілдіктерінің желісі Екатеринбургтегі бас консулдықпен толықты. Санкт-Петербург, Қазан, Астрахан және Омбыда Қазақстанның бас консулдықтары ашылды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Қазақстанда жұмыс істейтін шетел капиталы бар кәсіпорындар саны бойынша сөзсіз көшбасшы екенін айтты.

«Елімізде 20 мыңнан астам ресейлік компания тіркелген. Тікелей инвестиция, біздің бағалауымызша, 20 миллиард доллардан асты. Кейінгі екі жылда 3,5 миллиард долларға жуық инвестиция құйылды. Қазақстандық инвестиция көлемі 6 миллиард долларға жетті. Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық белсенді түрде ілгерілеп жатыр. Ресей мұнайын Қытайға, сонымен қатар біздің еліміздің аумағы арқылы Өзбекстанға газды тасымалдау туралы келісімдер оны жаңа деңгейге көтерді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдің ХІХ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Ақордаға келді. Қостанайда өтіп жатқан форумға президенттер бейнебайланыс арқылы қатысып жатыр.

Владимир Путиннің ұшағы 9 қараша күні таңертең Астана әуежайына қонды. Сапар аясында екі ел басшыларының келіссөздері жоспарланып отыр, онда Қазақстан-Ресей стратегиялық әріптестігінің өзекті мәселелері талқыланады.

Тегтер: АқтауҚазақстанРесей

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz