Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

МӘМС аясында Талғар ауданының тұрғынына тіліксіз ота жасалды

66 жастағы науқас Талғар аудандық ауруханасына жүгінген кезде екі апта бойы интоксикация, тахикардия болып, дене температурасы 42°С-қа дейін көтерілген, деп хабарлайды alataunews.kz.

09.11.2023
Аймақ

Бір апта бұрын жеке клиникаға барған, бірақ ол жерде тиісті ем қабылдамаған. Содан кейін жалпы жағдайының нашарлауына байланысты орталық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Мультидисциплинарлық тексеруден кейін хирургиялық бөлімге шұғыл түрде жатқызылды.

Шағымдар, анамнез, объективті клиникалық-зертханалық деректер негізінде науқасқа «бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесі» диагнозы қойылып, оны операцияға дайындай бастады.

«Науқастың жағдайын ескере отырып, Талғар хирургтары УЗД көмегімен бауырдың оң жақ бөлігінің абсцесіне дренаж жасау үшін аз инвазивті процедураны жүргізу туралы шешім қабылдады. Наркоз салынып, УЗД бақылауымен абсцесс қуысына өткізгіш арқылы Pigtail 10fr типі бойынша дренаж орнатылды. Дренажды орнатқаннан кейін өткір иісі бар 200 мл ірің алынды. Операция қан жоғалтусыз және асқынусыз өтті. Бірнеше күннен кейін бауырдың ультрадыбыстық зерттеуінде абсцесс қуысы тазаланғаны анықталды және дренаж алынып тасталды. Науқас үйіне жіберілді», — деді хирург Қуандық Тастанқұлов.

Операциядан кейінгі кезеңде науқас хирургиялық бөлімде антибиотикалық терапия мен инфузиялық терапия алды.

Айта кетерлігі, бүгінде аз инвазивті хирургия, яғни науқастың денесі кесілмей жасалатын ота туралы жиі айтылып жүр. Мұндай операциялар қан тамырлары немесе өзге де әдістер арқылы жасалады. Пациенттің денсаулығына кері әсерін тигізбейді және операциядан кейінгі асқынулар қаупінің төмен болуымен сипатталады.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтаротаТалғар

Соңғы жаңалықтар

Глава государства принял исполнительного вице-президента Dubai World Trade Center Трикси Лохмирманд

Николай Иващенко
04.05.2026

Закон о специальном правовом режиме города Алатау проверил Конституционный суд

Николай Иващенко
04.05.2026

Ночью в горах Заилийского Алатау найдены и спасены две потерявшиеся девушки

Николай Иващенко
04.05.2026

Какая погода будет на этой неделе в Алматинской области

Николай Иващенко
04.05.2026

Снова в воде: терминалы аэропорта Алматы снова затопило дождевыми водами

Николай Иващенко
04.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz