Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында қызылшаға қарсы екпе жүріп жатыр

Қазіргі таңда қызылша ауруына қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі.

03.11.2023
Аймақ

Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов пен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Айтуларынша, өңірде 14 наурызбен 31 қазан аралығында қызылшамен 2651 адам ауырған. Қазірде аптасына 100 жағдай тіркеліп жатыр. Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Алматы облысы аумағындағы 71 мектептің оқушылары ауырған. Олардың саны 137. Ал 103 мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында 220 жеткіншек сырқаттанған.

Марат Исмаилов Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар және Іле ауданында сырқаттанушылық деңгейі жоғары екенін айтты.

«Қызылша – жедел ағымда жүретін, ауа арқылы жұғатын вирусты жұқпалы ауру. Сырқат дене қызуының көтерілуімен, 2-4-ші күндері теріге ақшыл қызыл түсті бөртпелердің шығуымен, жоғарғы тыныс жолдарының, ауыз-жұтқыншақ қуысының және көздің шырышты қабықшаларының қабынуымен басталады», — дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаевна.

Күрделі жағдайға байланысты ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына сәйкес, елімізде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.

Қазіргі кезде қызылшаның таралуын тұрақтандыру мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, биыл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаға қарсы 1 вакцинасымен 25 584 бала егіліп, 2 вакцинасымен 26 972 жеткіншек қамтылды. 18 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмегендердің иммундық жағдайын тексеріп, екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін қызылшаға қарсы егілмеген 18 жасқа дейінгі 7732 адам вакцина қабылдады.

«Аймақ тұрғындарынан балаларыңыз бен жақын адамдарыңыздың денсаулығына немқұрайлы қарамауларыңызды сұраймын. Сондықтан да қызылшаға қарсы екпеден бас тартпаңыз. Тек уақытылы жасалған вакцинация инфекциядан қорғайды», — дейді Марат Исмаилов.

Айта кетейік, вакцинациялаудан кейін адамда ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.

Тегтер: Алматы облысыекпеқызылша

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заманауи спорт нысаны пайдалануға берілді

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

5–7 мамырға ауа райы болжамы: жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысында жасөспірімдер арасында жаппай төбелес болды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Алматы облысы әлем мергендерін жинады: Әлем кубогы басталды

Қорлан Нұрланқызы
04.05.2026

Үш күнде 760 тонна қоқыс: Алматы облысында ауқымды тазалық акциясы өтті

Қорлан Нұрланқызы
03.05.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz