Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Алматы облысында 123 мың адам тұмауға қарсы вакцина алды

Бүгінде жалпы өңір халқының 8 пайызы иммунитетін жасанды жолмен күшейткен.

03.11.2023
Аймақ

Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Жыл сайын аймақта вирустық инфекциялардың 400 мыңға жуық дерегі тіркеледі. ЖРВИ және тұмау маусымы қазан айынан бастап сәуір айына дейін жалғасады. Тұмау мен ЖРВИ желтоқсан қаңтар айларында өршиді.

2023-2024 жылдардағы жедел респираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиялық маусымы 28 қыркүйектен басталды. Ресми дектерге сүйенсек, қауіпті кезеңде вирустық инфекциялардың 58 мың фактісі анықталған. Былтырғы маусымда ЖРВИ-ның 92 645 жағдайы тіркелсе, биыл ол көрсеткіш 37% төмендеген.

Мамандардың айтуынша, жалпы сырқаттанушылықтың 63%-ы 14 жасқа дейінгі балалар арасында кездесіп отыр. Марат Исмаилов ЖРВИ мен тұмаудың алдын алудың негізгі жолы – екпе қабылдау екенін айтады.

Облыста тұмауға қарсы вакцинация 3 өңірде аяқталды. Олар Балқаш, Ұйғыр аудандары және өңір орталығы Қонаевта жүргізілді. Қазірде аймаққа қарасты 7 ауданда екпе салу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Бүгінгі таңда тұмауға қарсы вакцинациямен 123 мың адам, яғни егілуге жататындардың 73% немесе жалпы халықтың 8% қамтылған. Атап айтсақ, медициналық қызметкерлердің 80%-ы, жүкті әйелдердің 73%-ы, жабық мекемелердегі балалардың 68% -ы, диспансерлік есепте тұрған адамдардың 67%-ы және қарттар үйінің контингенті 100% тұмауға қарсы егілді», — дейді Марат Исмаилов брифингте.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау басқармасымен «Гриппол плюс» вакцинасының 168 500 дозасы сатып алынған. Соңғы 11 жылда халықты тұмауға қарсы вакцинациямен қамту 6,4%-дан 13,9%-ға дейін өсті.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz