Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Пусан Университетінің Госпиталі Алматы облысына келді

Профессор Джонг Сон Ун Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшылығымен кездесу өткізіп, Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында және Алматы облысының Облыстық ауруханасында болды.

02.11.2023
Аймақ

AYALA қайырымдылық қоры мен Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталі арасындағы ынтымақтастық 2016 жылы басталған болатын. Жеті жыл ішінде жыл сайын Алматы мен Астанаға балаларға ортопедиялық патологиялар, әйелдерге гинекологиялық аурулар және онкология бойынша тегін кеңес беру үшін дәрігерлер делегациялары келді. Пусаннан келген дәрігерлер 680-нен астам баланы тегін диагностикалап, қазақстандық балалар дәрігерлерінің біліктілігін арттыру үшін ондаған практикалық шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізді.

Сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар және Тараздан келген 17 дәрігер Пусанда тегін оқып, нейрохирургия, ортопедия, травматология, неонаталды офтальмология бойынша Пусан Ұлттық Университетінің Госпиталінде үздік тәжірибелерімен алмасты. Барлық білімдері мен практикалық тәжірибелерін олар қазақстандық ауруханаларда кішкентай пациенттерге көмек көрсету үшін табысты қолданады.

Биылғы жылдың қазан айында делегацияның сапары аясында гинеколог-дәрігер, профессор Ким Сынг Чоль Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында 22 науқасқа тегін тексеру жүргізді және кеңес берді, ал ортопедия бөлімінің меңгерушісі профессор Ли Джонг Соп Алматы облысының облыстық ауруханасында 85 баланы тегін тексеріп, кеңес берді. Қыркүйек айында профессор Ли Astana Marathon-да жүгіруге қатысып, Астана қаласының № 2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасында 18 баланы диагностикалады.

«Біз ынтымақтастығымыздың жемісті дамып, жыл сайын нығайып келе жатқанына қуаныштымыз. Пусан Ұлттық Университеті Госпиталінің қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін арттырудағы көмегі еліміздің балалар дәрігерлері мен балалар денсаулық сақтау саласының күшті практикалық құзыреттерін қалыптастыруға маңызды үлес қосады. Болашақта біздің жемісті ынтымақтастығымызды отандық дәрігерлердің кәсіби дамуына басымдық бере отырып жалғастырамыз деп үміттенеміз», — деп атап өтті AYALA қайырымдылық қорының негізін қалаушы және президенті Айдан Сүлейменова.

Тегтер: Алматы облысыБасты жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қонаевта Наурызға орай экологиялық акция өтті

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматы облысында 367 саяжай елді мекен құрамына енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Бектенов Үкіметке жаңа конституциялық заңдарды әзірлеуді тапсырды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Алматыда Санжар Бокаев ұсталды: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қорлан Нұрланқызы
18.03.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz