Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Аймақ

Мобильді бекеттен өтпек болған көліктен аса ірі көлемде есірткі табылды

Қызылорда облысында мобильді бекеттен өтпек болған көліктен аса ірі көлемде есірткі табылды, деп хабарлайды Alataunews.kz тілшісі.

24.07.2022
Аймақ, Жаңалықтар
Ашық дереккөзден

Ашық дереккөзден

Облыста «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Аталған шара барысында қызылордалық полицейлер мобильді бекетте Түркістан қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қарай бағыт алған «Honda Odyssey» автокөлігін тоқтатқан еді.

«Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан 1,5 келіге жуық марихуана табылды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде», — деп мәлімдеді Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

Ведомство мәліметінше, биылғы жылдың алты айында облыс көлемінде есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың 96 дерегі анықталды. Оның ішінде 19-ы есірткі сату, 6-ы есірткі затын аса ірі мөлшерде сақтау, 2-і есірткі жарнамалау, 19-ы есірткі өсіру саналады. Заңсыз айналымнан 23 келіге жуық есірткі заты тәркіленді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада шеңгел мен сексеуілдің арасына есірткі өсірген ауыл тұрғыны ұсталды.

 

Тегтер: ЕсірткіҚызылорда

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz