Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

Сүмбе ауылында спорт кешені ашылды

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданына жасаған іссапарында Сүмбе ауылында спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты.

26.10.2023
Сұхбат

Шара Республика күніне орай ұйымдастырылған.

«Ауылда спортқа қызығушы балалардың көп болғаны қуантады. Бұл нысанның салауатты өмір салтын қалыптастырып, халық арасында дәріптеуде маңызы зор. Жалпы Нарынқол өңірінің жастары белсенді әрі талантты. Осы спорт кешенінен Қазақстанның туын көкке көтеретін, айбынды жастар тәрбиеленіп шығады деп үміттенеміз. Ауыл, аудан, қалаларымыз дами берсін! Мереке құтты болсын!» — деді Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөзінде.

Содан кейін өңір басшысы нысанның қызыл лентасын қиып, кешенді аралап шықты. Ғимарат 1 гектардан астам аумақты алып жатыр. Аулада баскетбол және футбол алаңдары, көліктерге арналған тұрақ, воркаут алаңы бар. Ал кешеннің ішінде 70 көрерменге арналған спорт, бокс, фитнес, күрес, гимнастика залдары орналасқан.

Сонымен қатар ғимаратта медициналық пункті, ішкі дәретханалар, гардероб та қарастырылған. Мұнда бір уақытта 100-ден астам адам спортпен шұғылдана алады. Спорт кешенін жылыту үшін блоктық-модульдік қазандық орнатылған. Құрылысқа 1 млрд теңгеге жуық ақша жұмсалған.

Тегтер: Алматы облысыМарат Сұлтанғазиевспорт кешені

Соңғы жаңалықтар

Қонаевтағы 58 жыл жөндеу көрмеген гимназия жаңартылады

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Райымбек ауданында алғаш рет егілген зығырды жинау басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында картоп жинау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz