Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Сұхбат

«Нарынқол-Шелек» автобус бағытын ашу қажет — Марат Сұлтанғазиев

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Райымбек ауданы тұрғындарымен кездесуде халықты қоғамдық көлікпен қамту мәселесіне тоқталды.

26.10.2023
Сұхбат

Оның айтуынша, Алматы облысының қоғамдық көлік желісі 94 автобус маршрутынан тұрады (3 облысаралық бағыт, 28 ауданаралық бағыт, 37 ауданішілік бағыт, 26 қала маңындағы бағыт). Биыл 29 әлеуметтік маңызы бар маршрутты субсидиялау үшін 1 млрд. 345 млн. теңге қаржы бөлінді.

«Алматы агломерациясының елді мекендерін автобус қатынасымен толық қамту мақсатында автобус паркі құрылды. Келесі жылы ауданішілік маршрутты, сондай-ақ жолаушыларды ауылдардан ірі елді мекендерге тасымалдауды көздейтін «Нарынқол-Шелек» бағытында шағын автобус қатынастарын ұйымдастыруды қарастыруды тапсырамын», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар әкім жақсы және қанағаттанарлық деңгейдегі жолдар туралы атап өтті.

«Биыл облыс көлемінде жол салуға және жөндеуге 50,4 млрд. теңге бөлінді. Райымбек ауданындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының ұзындығы 587 шақырым құрайды. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық маңызы бар автожолдардың үлесі – 90%, ішкі көшелердің үлесі – 54%», — деді облыс әкімі.

Марат Сұлтанғазиевтің сөзіне сүйенсек, Республикалық «Кеген – Нарынқол» автожолының 15 шақырымын жөндеу жұмыстары келесі жылы аяқталады. Қалған 51 шақырымын жөндеуді «ҚазАвтоЖол» филиалы 2024 жылы бастауы қажет. Ал облыстық маңызы бар Сарыжаз – Қарасаз – Текес жолының 34,4 шақырымына жөндеу жасалып, пайдаланымға берілді. «Нарынқол-Сүмбе» жолының 35 шақырымына конкурстық рәсімдерден соң мердігер анықталып, жөндеу жұмыстары басталады.

Тегтер: Алматы облысыМарат СұлтанғазиевРайымбек ауданы

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында заңсыз қоқыс полигонындағы өрт оқшауланды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында 1,5 миллион тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жиналды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Алматы облысының спортшылары марапатталды

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Алматы облысында туристік нысандарға апаратын 95 шақырым жол жөнделіп жатыр

Қорлан Нұрланқызы
17.09.2026

Меншікті қорғау құқығы – азаматтардың заңды мүдделерінің кепілі

Акжаркын
16.09.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz