Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Алматылықтарға мемлекеттік наградалар тапсырылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 75 тұрғынға мемлекеттік наградаларды тапсырды.

24.10.2023
Саясат

Марапатталғандар тізіміне елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтар енген.

Оның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, бизнес, көлік салаларының өкілдері, еңбек ардагерлері, сондай-ақ қоғам және саяси қайраткерлер бар.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 1 дәрежелі «Барыс» орденімен «Қ.И. Сәтбаев атындағы Геология ғылымдары институты» ЖШС директоры Герой Жолтаев марапатталды.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері құрметті атағы композитор Эльмира Дехганиге мәдениеттің дамуына қосқан үлесі үшін берілді.

2 дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Алматыэлектротранс» ЖШС автобус жүргізушісі Әкімжан Жұмабаев марапатталды.

Сондай-ақ, қала әкімі Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға «Парасат», «Құрмет», 3 дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерін, сондай-ақ «Ерен еңбегі үшін» және «Шапағат» медальдарын тапсырды.

Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен «Алматы Су» МКК слесарі Дәулет Әбдірахманов, «Алматы Тазалық» МКК мамандандырылған техника жүргізушісі Ақынқожа Әміреев, «Самғау групп» ЖШС учаске бастығы Қуандық Ерепбаев, «Асфальтобетон 1» ЖШС аға механигі Камилжан Палтаев, «ОлжасLTD» ЖШС автобус жүргізушісі Мұхамеджан Садықов, «Алатау жарық компаниясы» АҚ АЭЖ-6 бастығының орынбасары Алмас Саматұлы, «Белсенді ұзақ өмір орталығы» КММ би бойынша педагог-ұйымдастырушысы Ғалия Тоқтарбаева, «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» КМК директоры Марат Түкеев, «МИДЭС Строй» ЖШС техникалық директоры Виктор Шалыжин және «RBS Дострой» ЖШС инженері Роман Шевелев марапатталды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының, қаланың қоғамдық кеңесінің, жастар ұйымдарының өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ректорлары, мәслихат депутаттары және т.б. қатысты.

Салтанатты марапаттау рәсімі Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының ғимаратында өтті.

Тегтер: награда

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz