Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • Русский язык
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Саясат

Нан бағасының қымбаттауына негіз жоқ – вице-министр

Қазақстанда егіннің түсімінің төмендігінен нан бағасының өсуі мүмкін бе, деген сауалға ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов жауап берді.

19.10.2023
Саясат

«Біз нені қадағалаймыз? әлеуметтік маңызы бар өнімдерді. Оған бірінші сортты ұн және одан жасалған нан, яғни әлеуметтік нан. Әлеуметтік нанның бағасы, қазір тұрақты. Естеріңізде болса, өткен жылы астық бағасы 85-90 мың теңгеге (тоннасы) болса, бір жыл бұрын нанның бағасы 80 мың теңгеге дейін жеткен. Өткен жылы жағдай тұрақты болды. Нарыққа әсер ету шаралары қарастырылған. Біз әлеуметтік нан өндіру үшін арзандатылған ұнды өңірлерге жөнелтеміз. Әлеуметтік нан бағасы тұрақты. Нан бағасының қымбаттауына негіз жоқ», — деді Азат Сұлтанов KazAgro-2023 халықаралық көрмесінің аясында журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері вице-министрден басқа нан түрлері мен ұн өнімдерінің бағасы туралы сұрады.

«Премиум деп аталатын нан бар, айталық, глютенсіз, түрлі қоспалары бар нан, картоп қосылған нан бар. Сол сияқты круассандар, тоқаштар тағы сол сияқты. Аталған кондитерлік өнімдердің бағасын мемлекет реттемейді. Бұл жерде өндіруші нарыққа бейімделеді. Кондитерлік өнімдер басқа сортты ұннан жасалады және оларға қосатын түрлі қоспалар бар», — дейді министрдің орынбасары.

Тегтер: Қазақстанқымбатшылықнан

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында «Таза Қазақстан» акциясына 900 мыңнан астам адам қатысты

Қорлан Нұрланқызы
31.10.2026

Алматы облысында 4300 бос жұмыс орны бар: жалақы 1 млн теңгеге дейін

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында балаларға заңсыз діни сабақ берген азамат жауапқа тартылды

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Алматы облысында көз ауруларын емдеудің заманауи әдістері енгізілді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

Қайыңды көліне апаратын 10 шақырым жолға толық асфальт төселді

Қорлан Нұрланқызы
30.10.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • Русский язык

© 2022-2024 www.alataunews.kz