Advertisement
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
  • RU
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Whatsapp
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
No Result
View All Result
Қазақстан жаңалықтары - Alataunews
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында алимент төлемеген 50-ге жуық адамға іздеу жарияланды

Қазақстанда алимент төлемегені үшін 1 618 адам іздестіріліп жатыр. Оның ішінде ерлердің саны – 1 476, ал әйелдер – 142.

18.10.2023
Қоғам

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің статистикалық деректеріне сәйкес, іздеуде жүргендердің көбі 31-40 жас аралығындағылар. Астанада – 361, Алматы – 191, Ақтөбе – 143, Қостанай – 140, Жамбыл – 140, Павлодар – 108, Маңғыстау облысында 59 адамға іздеу салынған.

2023 жылдың 9 айында СДТБТ-да алимент төлеу жөніндегі міндеттерді қасақана орындамау фактілері бойынша 427 қылмыстық іс тіркелген (қылмыстық кодекстің 139-бабы). Айта кетсек, Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Аймақ бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтадың ең көп бөлігі мына өңірлерде: Маңғыстау – 46, Алматы (о) – 45, Қостанай – 44, Шығыс Қазақстан – 43, Павлодар – 40, Қарағанды – 35, Абай – 32, Ақмола – 26, Солтүстік Қазақстан — 21, Астана (қ) – 17 облыстарында тіркелген.

Осы кезеңде Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 207 адам сотталды. 4 адам бас бостандығынан айырылды, 2 адам шартты түрде сотталды, 196 адамның бас бостандығы шектелді, 5-еуі қоғамдық жұмыстарға тартылды.

Жалпы алимент өндіріп алу туралы 309 670 атқарушылық іс орындауда болды. Бұл ретте балаларға ғана емес, ата-аналарын, жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға алимент өндіріп алынады:

  • 291 886 атқарушылық іс — балаларды күтіп-бағуға арналған алимент бойынша;
  • 773 атқарушылық іс — еңбекке қабілетсіз ата-аналарын күтіп-бағуға;
  • 4 506 атқарушылық іс — еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағу өндірістері болды.
Тегтер: АлиментАлматы облысы

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Шайдоровты ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысының әкімі «ДАМУ» орталығының еңбек ұжымымен кездесті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында цифрландыру мен жасанды интеллект талқыланды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Қонаевта Gas Gun Competition PRS бойынша Алматы облысының кубогі өтті

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

Алматы облысында профилактикалық кабинеттер ашылды

Қорлан Нұрланқызы
25.02.2026

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
ZERO.kz

© 2022-2024 www.alataunews.kz

  • Басты бет
  • Жаңалықтар
  • Әлем
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мақала
  • Сұхбат
  • RU

© 2022-2024 www.alataunews.kz